Дүниетану 2 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары. Тығыз тау жыныстары.
Мақсаты: Тау жыныстары жайлы мағлұмат алады.
Міндеттері:
1.
Тау жыныстарының
түрлерімен танысады, пайдасын ұғынады, тау жынысын тани білуге жаттығады.
2.
Бір-бірін тыңдауға,
ұжымда ынтымақтастықпен әрекететуге, табиғат байлығын түсініп зерделей білуге
тәрбиеленеді.
3.
Дүниетанымы,
өзіндік ой-пікір, қорытынды, іскерлік қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын
жетілдіреді.
Сабақ
көрнекіліктері: Тау жыныстары, семантикалық
карта, кестелер,
Қ.Р. –физикалық картасы, тест.
Сабақ
әдістері: Жаңа технологиялық
элементтерін пайдалану. Сарамандық жұмыс.
Сабақ түрі: Жаңа технологияны
пайдалану (СТО).
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақ
барысы:
1.
Ұйымдастыру. Психологиялық даярлық.
2.
Үй тапсырмасы. «Су»
тақырыбы бойынша 10 сұрақ көлемінде тест алу. «Су» туралы қызықты деректер.
3.
Қызығушылықты ояту.
-топтарға бөліну
-жұмбақ жасыру: Бір жатқан зор
кемеңгер қара кісі,
Қимылдап сол кісіден елдің тісі.
Талқандап беті жүзін, тырналаса,
Бір ауыз «неге үйттің» -деу емес ісі.
(Жер)
4.
Мағынаны ажырату.
Ой қозгау.
-Өзенге барғанда жарқабақтан бірінің үстіне бірі үстіне
бірі үйілген қабат құрап жатқан денелерді көрдіңдер ме?
- (құм, саз, малтатастар)
-Құм қандай болады?
-(қиыршық, сусыма)
Түсінік: -үнде көріп
жүрген құм, саз, тастардан жер қабаты құралады. Жарқабаққа байқап қарасаңдар ол
қабат-қабат жыныстардан тұратынын көресіңдер. Жердің терең қабатында әр түрлі
басқа да тастар, тұз, тас көмір, мұнай, газ, гранит, әктас бар. (Тау жыныстарын көрсетіп кету). Міне,
осы Жер қыртысын толтырып жатқан денелер «тау жыныстары» деп аталады.
Оқулықпен жұмыс:
а)Тау
жыныстары, тығыз тау жыныстары тақырыбын
3топ толық оқиды.
ә) Гранит, құмтас жайында айтылған бөліктерді жеке-жеке оқып, тұжырымдайды.
б) Әр топ өз бөліктерінің мазмұнын айтады.
Сарамандық жұмыс.
Жоспар:
1.
Тау жыныстарының
үлгілерімен танысу.
2. Граниттің кесегін қолына алып, құрылысына зер салып
қарау.
3. Құмтастың кесегін балғамен әбден ұнтақтап байқау.
4. Қ.Р. –ның физикалық картасымен жұмыс: тау жыныстарының
белгіленуін анықтау.
5. Осы тау жыныстарының түрлерін жазып, қасиеттерін,
қолданылуын кестеге түсір.
№ |
Тау жынысы |
Қасиеттері |
Қолданылуы |
Шартты белгі |
1 |
Гранит |
Қатты, тығыз тау жынысы. Ол өте төзімді, сұр,ылт немесе
қызғылт түсті болып келеді. |
Үйдің іргетасын, көпір тірегіш, ескерткіш жасауға,
әшекейлік мақсатта |
|
2 |
Құмтас |
Ұп-ұсақ құм қиыршықтарынан тұрады, құм түйіршіктерінің
бірігуінен құрғақ құм сусып бір-біріне жұғысып саз, гипс, әктас ерітіндісі
араласса құм түйіршіктері бірігіп қатады. |
Құрылыс материалы, диірмен тасы, қайрақ. |
|
3 |
Тас көмір |
Қазба отын. Өте қызулы отын, арзан отын. |
Отын ретінде |
|
4 |
Мәрмәр |
|
|
|
5 |
Мұнай |
|
|
|
6 |
Газ |
|
|
|
Ой толғаныс. Семантикалық карта.
Топтағы
әрбір оқушы семантикалық картамен жұмыс жасайды. Жұпта, топта талдап, топ
алдында қорғайды.
Мақсат: тау жыныстарының және олардың түрлерін анықтап, айқындау.
Тау жыныстарының
түрлері |
Гранит |
Әктас |
Тұз |
Тас көмір |
Мәрмәр |
Құмтас |
Мұнай |
Құм |
Саз |
Сынап |
Тығыз тау жынысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сұйық күйіндегі
тау жыныс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Газ күйіндегі тау
жынысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Майда тау жынысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.