Дүниетану 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Бұлт. Жауын-шашын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың ауа мен су жайлы білімін
ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру.
Дамытушылығы: осы сабақ барысында оқушылар бұлттың
түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай
пайда болатынын түсінеді.
Тәрбиелігі :
Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге. Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жауын-шашын,бұлт
кестелері; слайдтар.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру,түртіп алу стратегиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабаққа жалпы шолу жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Шаттық шеңбері:
Жер дегенде -2 қолды көтеру,
Су дегенде -2 қолмен төмен қарай желпу
Ауа дегенде -2 қолды сыртқа қарай желпу
Күн дегенде алысқа қарау
Хормен: Күн, ауа, су, жер –біздің
достарымыз.
-өте жақсы балалар. Орындарыңа отыра
қойыңдар.
ІІ. –Ал, қане балалар біз өткен сабақта
қандай тақырып өттік?
-Ауа,жел.
-Ауа бізге не үшін керек?
-Ауа
бізге тыныс алу үшін керек.
-Ауа қалай қозғалады?
-Ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады.
-Жел дегеніміз не?
- Ауаның жер бетімен қозғалысын жел деп
айтамыз.
- Желдің қандай түрлері болады?
-Самал жел, күшті жел,дауыл.
ІІІ. Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз
«Бұлт. Жауын-шашын»
Балалар кім айтады, бұлт дегеніміз не?
(мұнда оқушылардың ойлары мен жауаптары
тыңдалады)
1.Бұлт туралы түсінік жүргізіледі:
Жер бетінде су көп. Су
өзен,көл,теңіз,мұхит түрінде таралған. Су ұдайы буланады. Ауада көзге
көрінбейтін су буы әрқашанда бар. Ауа
салқындағанда будан судың өте майда тамшылары пайда болады. Тұман және бұлт
осындай тамшылардан тұрады.Тұман төмен жер бетінде, ал бұлт биік аспанда
болады.Бұлттағы майда су тамшылары бір-бірімен бірігіп, іріленеді. Бұлт
түнеріп, бірте-бірте қара бұлтқа айналады.
Бұлттар көшіп жүреді. Оларды жердің
бетімен жел айдайды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.