Дүниетану 2 сынып. Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Павлодар облысы Санатория түріндегі Шалдай мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Жакенова Жанат Темирбулатқызы
Сабақтың мақсаты:
1. Б.Оқушылардың құстар, олардың тіршілік
жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту. Құстардың көктемдегі тіршілігі,
олардың көбеюі туралы білімдерін толықтыру.
2. Д. Өткен сабақтарда алған білімдерін бір
жүйеге келтіру, түсініктерін ары қарай дамыту.
3. Т. Құстарды қорғауға, табиғатқа
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
аралас, қайталау
Сабақтың әдістері:
Түсіндіру, сто, сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау
Көрнекілігі:
интерактив тақтасы, карточкалар
Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, математика
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
- Үй тапсырмасын тексеру 10 минут
- Сабақ мақсатымен таныстыру 3 минут
4. Қажетті білім мен әрекет тәсілдерін
өзектендіру 25 минут
5. Бақылау және өзін-өзі бағалау 3 минут
6. Үй тапсырмасын беру
2 минут
І Ұйымдастыру кезеңі
Көңілді шеңбер
-
Сәлем
саған күннің көзі!
-
Сәлем
саған ашық аспан!
-
Сәлем
саған табиғат!
-
Сәлем
сізге мұғалім!
-
Сәлем
саған Айшагүл!
-
Сәлем
саған Даяна!
-
Сәлем
саған мұғалім!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақтың шешуін тап
1. Жыртқыш құс (қыран)
2. Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
3. Қонақ шақыратын құс (сауысқан)
4. Құстардың үйі (ұя)
5. Орман дәрігері (тоқылдақ)
6. Әнші құс (бұлбұл)
7. Құстар неден шығады (жұмыртқа)
8. Далада, таулы жерде мекен ететін жыртқыш
құс (бүркіт)
9. Суда мекен ететін құс, халық оны махаббат
құсы деп атаған (аққу)
10. Бейбітшілік құсы (көгершін)
11. Ең бірінші, ерте тұратын үй құсы ( әтеш)
12. Тауықтың баласы (балапан)
ІІІ Негізгі бөлім
Психологиялық дайындық
Сандарды алфавиттегі сандармен
алмастыр
15 27
24 25 1
23 3 38
11 7 38
19 7 20
24 37 17
37 11
Жауабы: құстар біздің досымыз
Сабақтың мақсатын айту
«Топтастыру стратегиясы» арқылы құстар тақырыбына диаграм. Құрастыру
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.