Дүниетану 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есімді бекіту.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:Сан есім туралы бала ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлеріне ажырату,сөйлем ішінен сұрақ қоя білуге үйрету; ә) Дамытушылық :Ой - өрісін кеңейту, танымын арттыруа отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік туғызу,логикалық ойлау жүйесін дамытып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;
б) Тәрбиелік Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа,өз беттерінше ізденуге,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: бекіту сабағы ( білімді меңгеру деңгейін байқау)
Сабақтың әдісі: сайыс,ой қозғау,сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,сынау сұрақтары,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: сандарға қатысты тірек сызбалар,семантикалақ карта,тест тапсырмалары
Пән аралық байланыс: математика,ана тілі. Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Амансың ба,Алтын Күн!
Амансың ба,Көк Аспан! Амансың ба,достарым!
Сендерді көрсем қуанам!-Балалар,әр адамның алдына қойған мақсаты болады.Сол мақсатқа жету үшін адам аянбай еңбек етеді.Сол сияқты сендердің де алдарыңа қойған мақсаттарың бар деп ойлаймын.Кім айтады,сендердің мақсаттарың не? (Білім алу) Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өтеміз.
1-топ «Бірліктер» тобы Ұраны: « Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар баламыз»
2-топ «Ондықтар» тобы Ұраны: «Он саусағы майысқан, шебер бала боламыз»
3-топ «Жүздіктер» тобы. Ұраны: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар баламыз»(әр топтың топбасшыларын сайлайды)(Сигналдық карта арқылы оқушылардың сабаққа дайын ,дайын емес екендерін анықтау.)
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тапсырма 2 түрлі болатын:
1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
2) Сан есімдері бар жұмбақ, жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 1.«Кім
көп біледі?» ойыны.
1 минуттың ішінде:
1
–топ дара сан есімдерді жазу
2 –топ реттік сан есімдерді жазу.
3-топ
есептік сан есімдерді жазу. (жазған сөздерді санап, ұпайға қосу)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.