Презентация "Дауыссыз к мен г"
30.11.2016
2211
574
Жилкибаева Назгуль
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей алуға үйрету, сөз ішінен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратып табуға дағдыландыру.
Дамытушылық: пәнаралық байланысты, ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, карточкалар , венн диаграммасы.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы, ойын сабақ.
Әдісі: оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау
стратегиясы, кубизм әдісі, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, математика,ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?Қазақ тілі сабағына барлықтарың дайынсыңдар ма? Ендеше сабағымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді көтеріп алайық.
Психологиялық ахуал: Балалар, біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп жан-жағымызға күлкі сыйлайық.
Қанекей балалар, бәрің бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап,экранда жазылған тілекті оқып берсеңдер.
Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Кезекшімен сұхбат.
-Ережені айтып шығайық.
Жұмбақтарды шешу.слайд
Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй.(Бесік)
Өзі сұр,бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес. (Есек)
Қалпағы бар,
Жиегі жоқ,
Аузы бар иегі жоқ.(Шәйнек)
Енді осы (бесік,есек,шәйнек) сөздеріне дауысты і әрпін жалғап айтып көрейікші.
(БЕСІГІ,ЕСЕГІ, ШӘЙНЕГІ)
III. Жаңа сабақ.
Миға шабуыл «Зеректік» ойыны
Саздарды өсу ретімен орналастыру
Д а у ы с с ы з к м е н г
10 15 20 25 30 35 40 45 50 55 60 65 70
- Балалар, бүгінгі сабақта дауыссыз к мен г әріптері жайлы алған
білімімізді бекітуіміз керек. Ол үшін сабағымызды ойын түрінде өткіземіз.
Ойынның аты «Тапқыр достар» деп аталады.
Ойынның шарты: Біздің ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақты мұқият тыңдап жауап беру керек. Әр айналым сайын топтар пирамидалық жетістікке жеткізетін «Сәттілік жолағын» алады. Қай топтың пирамидасы биік болса, сол топ жеңіске жетеді. Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам әрі нақты жауап берген топ ұпай алады.
1-топ: «Қатаң дауыссыздар»
2-топ : «Ұяң дауыссыздар»
3-топ: «Үнді дауыссыздар»
Топ басшылары топтың мүшелерін бағалау парағы арқылы бағалайды.
Бағалау критерийлері: 6-7 ұпай – «5»
4-5 ұпай – «4»
4 ұпайдан төмен болса – «3»
1- айналым: «Бәйге»
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Ұяң дауыссыздарды ата.
4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Қатаң дауыссыздарды ата.
6. Үнді дауыссыздарды атап бер.
2- айналым: «Білгенге маржан»
Бұл айналымда оқулықтағы жаттығуларды орындаймыз.
Қазанның он тоғызы
Сынып жұмысы
1-жаттығу.
Өлеңді түсініп оқып, бесік,жөргек сөздерінің алдына менің,сенің,оның сөздерін қойып жазу.К дыбысының қалай өзгергендігін түсіндіру.
Менің бесігім Менің жөргегім
Сенің бесігің Сенің жөргегің
Оның бесігі Оның жөргегі
3- айналым: «Кім жылдам?» 2-жаттығу (жұппен жұмыс)
«К» дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, оған дауысты ы мен і дыбыстарын жалғап жазу.
Көйлек-көйлегі
Көрпе
Көжек-көжегі
Үйрек-үйрегі
Үкі
Есек-есегі
Сан
4- айналым: «Кел, ойнайық»
«Адасқан әріптер» ойыны
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
Е, к, і, с -.........
К, ш, ү, к, і -............
К, р, е, ү, к -...............
К, і,к,и -..................
Сергіту сәті: Видеороликтен қарап қимыл жасау
5- айналым: «Мәтінмен жұмыс» 4-жаттығуды орындау.
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді оларға жалғанған қосымшаларынсыз оқып көр.
Тесігінен - тесік, етігім- етік
6- айналым: «Аудармашы» 5-жаттығу орындалады.
К дыбысынан басталып,к дыбысына аяқталатын сөздерді тауып жаз.
Олардың орысша, ағылшынша атауларын айт.
Көжек-зайчонок-leveret
Кірпік- ресницы-еуеlashes
Көкек-кукушка-cuckoo
Көбелек-бабочка-butterfly
Керік-жираф-giraffe
IV. Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
К дыбысы Г дыбысы
Дауыссыз
Д дыбыс
-Рефлексия.
- Балалар, бүгінгі сабақта не өттік?
- К дыбысы қай кезде г дыбысына айналады екен?
- Сабақ ұнады ма? Неліктен?
V. Үйге тапсырма.
3-жаттығу. 53 бет
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз. Егістік, діңгек сөздерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
VI. Бағалау.
Ойын барысында жинаған сақина санына қарай және бағалау парағы бойынша ұпайларын санап бағалау.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.