Математика 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:
Бөлшектер мен үлестер туралы түсінік беру.Бөлшектің алымы мен бөлімі және
жазылуымен таныстыру.Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап,
бөлшек,үлес ұғымын меңгерту.
2.Дамытушылық:
логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру,өз бетінше еңбектену,белсенділіктерін
арттыру,пәнге қызығушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың
өз ойын толық дұрыс жеткізе
білуге,тапқырлыққа,жылдамдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі:Практикалық,ой қозғау,сұрақ-жауап,көрнекілік.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты
меңгерту. (ойын элементі бар практикалық сабақ)
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, алма, семантикалық
карта,сызбалар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару. Оқу құралдарын ретке келтіру.
ә) Психологиялық
дайындық.
(Балалар қимылмен
көрсетіп,сөйлемнің соңғы сөзіне қосылады).
II.Өткенді қайталау.
Ойын: «Кім шапшаң?»
-Балалар, мына суретте
жүрегімізді жылу мен қуанышқа толтырған күн көзін бұлт басқалы тұр. Бұлт
ішіндегі сұрақтарға шапшаң жауп беріп,күн көзіне жеткізбей қуып шығайық.
1.Қозғалыс жылдамдығын қалай табамыз?
2.Қашықтық дегеніміз не?
3.Уақытты қалай табамыз?
4.100-дің,1000-ның
жартысы нешеге тең?
-Мінекей балалар, күннің көзі
ашылып бізге күн нұрын шашып тұр.
-Берілген сұрақтарға дұрыс
жауап берген оқушыларға мен алма үлестіріп бергім келіп тұр.
-Енді осы алмаларынды өздерін
жалғыз жейсіңдер ме?(көршісіне бөліп беру)
-Алманы тең ортасына бөлейік,
не шықты?(жарты алма шықты ).Алма
теңдей неше үлеске бөлінген?(тең екі үлеске бөлдік).
-Енді көршің екеуің өздерің ғана жейсіңдер ме?(тағы
алманы тең бөлікке бөліп, үлестіріп беру).Неше бөлікке бөлдік? (Төртке).
-Балалар біз үлес ұғымымен бұрында танысқан
болтынбыз,бүгін біз бөлшектер мен үлестер және олардың жазылуымен тереңірек
танысамыз.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатың таныстыру.
Дәптерге күн ретін жазу.
Көркем жазу.
-Бүгінгі сабақта барлығымыз 4 пен 5 деген баға алайық, сол себепті бұл сандардан,
яғни 5 және 4 цифры арқылы екі таңбалы сандар шығарып,өте көркем етіп дәптерге жазамыз.
III.Жаңа
сабақ
-Алманы жаңа тең
екіге,төртке,бөлдік,(слайдпен жұмыс) ал мына дөңгелек тең неше бөлікке бөлінген?
Оның бір бөлігі қандай түске боялған? 2/1жазылуы Дөңгелектердің неше бөлікке бөлініп,оның
неше бөлігі боялғаның сұрап,бөлшектің жазылуын,ортасындағы сызық бөлшек сызығы
деп аталатының,бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан
оқылады,сонаң соң бөлшек сызығының үстіндегі сан оқылады. Слайдпен жұмыс: сурет
бойынша бөлшек туралы мәліметер айтып түсіндіру.
IV. «Кім
зерек» ойыны.
1)Фигуралардың қандай бөлігі боялған? Жемістердің қанша бөлігі тәрелкеге слынған?
Бөлшек түрінде оқушылар тақтада жазады.2/1; 4/1; 3/1: 5/2; 10/7; 14/6; 9/5.
2) Ірімшікті үш рет кесу арқылы қалай 8-тең бөлікке
бөлуге болады?
1 қадам: ірімшікті тең ортасынан екі үлеске бөлу.
2 қадам: : ірімшікті тең төрт үлеске бөлу.
2 қадам:ірімшікті көлденен ортасынан бөлу.Сонда үш рет
кесу арқылы 8 бө- лікке бөлуге болады.
V. Тақтамен
жұмыс. №4 есептің сызбасын толықтырып есепті шығарады.
ә) V1-13 км/сағ ә) V1-14км/сағ
V2-17
км/сағ
V2-4км/сағ
S-90км:
t -2сағ
t-? S-? км
Ш: 90км: (13
км/сағ,+17 км/сағ)=3сағ Ш:(14км/сағ+4км/сағ)*2сағ=36
км
Сергіту сәті
VI. «Ой қозғау»
«Қай сан жоқ?»ойыны.
№3 Бос торкөздерге белгісіз
бөлгішті тауып.теңдік тура болатындай сандар
қой.
Өздік жұмыс: №6
Теңдеулерді шешу.
VII. «Кім жылдам» ойыны арқылы берілген мысалдарды ауызша есептеу.
VII. Шығармашылық
тапсырма: №8 Логикалық тапсырма сызбаның көмегімен шығарылады.
1) С-дан Н-ға дейінгі арақашықтық 200+500=700
2) Сдан н-ға
дейінгі арақашықтық 500-200=300
IX.Семантикалық картамен жұмыс. Жауабын балалар өзара тексеріп,бағалайды.
Сабақты сұрақ-жауап түрінде қорыту.
1) Бөлшек деген не?
2)Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
3)Бөлшектің алымы
нені білдіреді?
4)Электрондық
оқулықтағы бөлшектер мен үлестер туралы сұрақтарға жауап алу.
X. Қортындылау.
Үйге тапсырма : 106-107 бет №2, №7.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.