Алгебра 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.
Сабақ тақырыбы: |
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу. |
||
Мақсаты: |
Тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып, оларды шешу әдістерін үйрену. |
||
Күтілетін нәтиже: |
Оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып, оларды шешуде
алгоритмді қолдана алады. |
||
Сілтеме |
10 сынып алгебра және анализ бастамалары |
||
Ресурстар |
Интернет сайдтары, 10 сынып алгебра және анализ бастамалары оқулығы,
критериалды бағалау бетшелері. |
||
Тапсырмалар |
|
||
Жүргізілетін жұмыс. |
|||
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
5мин |
1.Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөледі, сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырады. Бағалау бетшелерін
таратып, бағалау критерийлерімен таныстырады. |
Топқа бөлінеді , сабақ тақырыбымен танысады. |
|
3 мин |
2.Ауызша жаттығу. Теңдеуді шешіңдер. a) sin x=1. ә) tg x=0. б) ctg x=-1. в) sin x=0. г) cos x=-1. |
Берілген теңдеулердің шешімін ауызша табады. |
|
10 мин |
3.Шығармашылық
тапсырма. Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді бірлік шеңбер көмегімен шешу. |
Әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада тапсырманы орындайды. Тапсырманы
орындау барысында тақтаның мүмкіншіліктерін ( сызғыш көмегімен координаталық
жазықтық сызу, циркуль көмегімен шеңбер сызу, әр түрлі сызық түрлерін
қолдану, фигура бөлігін түспен толыру, т.б.) қолдана отырып , шығару барысына
түсіндірме жүргізеді. |
|
12мин |
Анықтама. sin x <0, sin x ≤0, sinx>0 , sin x≥0, cos x<
0, cos x > 0, cos x ≤0, cos x≥ 0, tgx < 0, tg x > 0, tg x ≤ 0, tg x ≥ 0, ctg x < 0, ctg x >
0, ctg x ≤ 0, ctg x ≥0 түріндегі теңсіздіктерді тригонометриялық теңсіздіктер
деп атаймыз. Алгоритм. 1. Теңсіздікті қарапайым теңсіздікке келтіру. 2. Кординаталық жазықтыққа теңсіздікке тригонометриялық функциялық
графигін және у=а түзуін жүргізу . 3. Қиылысу нүктелерін табу. 4. Теңсіздікті қанағаттандыратын қисықтың бөлігін және бас аралықты
анықтау. 5. Кері тригонометриялық функцияның мәнін ескеріп абциссаның мәнін табу. 6. Тригонометриялық функциялалардың периодтылық қасиетін пайдаланып
теңсіздігінің жалпы шешімін жазу. |
Оқушылар алгоритммен танысып, топпен алгоритмді қолданып мысалдар
орындайды. Топ басшылары топтың шығарған мысалдарын сыныптастарына түсіндіріп,
шығару жолымен таныстырады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
|
7мин |
Деңгейлік тапсырма І деңгей. №108 (а, б), №109 (ә,
в). ІІ деңгей №110 (ә, в) ІІІ деңгей №115 (а)
|
Деңгейлік тапсырманы орындай отырып ұпайлар жинайды. |
|
5мин |
Өзіндік жұмыс. |
Оқушылар өзіндік жұмысты орындап, бірін-бірі тексереді. |
|
2мин |
Қорытындылау, бағалау. Сұрақ-жауап ретінде алгоритмді еске түсіреді, үй тапсырмасы беріледі. |
Бағалау бетшелеріндегі ұпай сандары бойынша критерийді қолданып
бағалайды. |
|
1мин |
Рефлексия
"Интервью„. 1) Сізге сабақ ұнады ма? 2) Сіз не үйрендіңіз?
|
Сұрақтарға жауап береді. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.