Математика 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.
Сабақтың білімдік мақсаты:
Ондық бөлшектерді көбейте білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты:
Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену, және оқушылардың білім
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды ұқыптылыққа, табандылыққа баулу, жауапкершілікке
сезіне білуге үйрету, адамгершілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың типі:
Есеп шығару сабағы.
Сабақтың түрі:
«Математикалық поезд» атты ойын сабағы.
Көрнекілігі:
Ойынды жүргізу схемасы, касса, тест, ауызша
есептер кестесі, вагон билеттері.
Сабақтың барысы:
«Математикалық
поезд» ойынының шарты:
«Мектеп - Атамекен» маршруты бойынша сапарға шығу. Схемасы көрсетіледі.
Поездға отыру үшін сыныпқа өз беттерімен орындауға тапсырма беріледі. Тез орындаған 2 оқушы кассаға отырып, кассир болады. Қалған оқушылардың жұмыстарын тексереді де, поездың әр вагонына сәйкесінше «5» - алса купеге, «4» - алса плацкартқа, «3» - алса жалпы вагондарына билет (жетондар) алады. Купеге қызыл, плацкартқа жасыл, жалпыға сары жетон.
Тапсырма
беріледі.
Есепті шығарған алғашқы 6 оқушы
купеге, одан кейінгі 6 оқушы плацкартқа, соңғы 6 оқушы жалпы вагонға отырады. Үлгермеген оқушылар
поездға отырмайды, яғни сабаққа қатысып отырады.
«Аудан» станциясында шығарылатын есепті тақтаға
2 оқушыға шығарады.
Келесі «Көлем» станциясына жету үшін
шығарылатын есеп беріледі..
Есепті дұрыс шығарған оқушыларға
жалпыдан – плацкартқа , плацкарттан купеге ауыстыруға билеттер беріліп
отырады.
Келесі «Теңдеу» станциясында есеп шығарылады.
«Ауызша есеп» станциясына жету үшін плакатта берілген есептерді ауызша орындайды.
Поездға
отырмаған оқушыларға жеке тапсырма беріледі.
«Атамекен» станциясында билеттер алу ұшін есеп тақтаға шығарылады.
Сабақ
қорытындыланады.
Әрбір оқушының алған билеттеріне байланысты баға қойылады.
Үйге
тапсырма беріледі.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.