Математика 5 сынып. Тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш
Сабақтың мақсаты:
1. Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін әртүрлі тәсілдермен
шығара білу, осы тақырыптан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру.
2. Оқушылардың есептерді шығарудағы ойлау қабілеттерін,
есте сақтау және зейін қою қабілеттерін
дамыту. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін
қалыптастыру.
3. Бір-біріне көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Қайталау сабағы
Қолданылған көрнекіліктер
және сабақ технологиясы: слайдтар,
АКТ, деңгейлік тапсырмалар, СТО
технологиясының элементтері.
Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстративтік, сөздік, жартылай
ізденушілік.
Сабақ өткізу
формалары: жеке, жұптық, топтық, бірін-бірі
тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік
оқыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру. Дәптерлерін жинап алу
3. Ой қозғау.
1)
Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
2)
Натурал санның еселігі дегеніміз не?
3)
Жай сан, құрама сан дегеніміз не?
4)
Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
дегеніміз не?
Енді балалар алдарыңда
қарточкадағы сандарға қараймыз.
11, 23, 43, 37, 55, 30, 125, 99
Жай сандар 1 топқа, құрама
сандар 2 топ болып бөлініп отармыз.
4. Ойлан, топтас, талқыла. (Топпен жұмыс)
1 топ натурал сандардың ЕҮОБ
табудың 1 тәсілін, ал 2 топ натурал сандардың ЕҮОБ табудың 2 тәсілінің
алгоритмін жазу керек. Жазған алгоритмдеріңді қолданып мына есепті шығарыңдар.
75 пен 90 сандарының ЕҮОБ тап. ЕҮОБ(75,90)=15
Екі топ бір-бірін тексереді.
5. Кестені толтыр. (Жұппен жұмыс)
Бір-біріңді тексеріңдер.
Бірінші сан |
Екінші сан |
ЕҮОБ |
|
|
(a;b)=2 |
|
|
|
k |
c |
6. Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.