Математика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.»
Мақсаты: Дөңгелектің ауданының және шеңбердің
ұзындығының формулаларын тәжірибелік-зерттеу жұмысы арқылы дәлелдеу,
формулаларды тиімді пайдаланып, есептер шығарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, тәжірибелік-зерттеу
жұмысы
Көрнекілігі: компьютер, проектор, мультимедиалық
презентация, өзіндік жұмыс тапсырмалары жазылған карточкалар, дөңгелектің
моделі, жіп.
Сабақтың барысы:
1)
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау.
2)
Өзіндік жұмыс:
1 нұсқа.
1. Семей мен Георгиевка қалаларының арасы 185
км. Егер картаның масштабы 1:
5000000 болса, картада осы қалалар
арақашықтығы неше см тең?
2. Картада А және В қалаларының арасы 4,3 см.
Егер картаның масштабы 1: 20000000 болса, қалалардың арақашықтығы қандай?
3. Картада Х және У
пункттердің арасы 8,5 см, ал жер бетіндегі арақашықтығы 170 км. Картаның
масштабын табыңдар.
2 нұсқа.
1. А және В қалаларының арақашықтығы 125 км.
Егер картаның масштабы 1: 5000000 болса, қалалардың арақашықтығы қандай?
2. Картада А және В арасы 3,4 см және
картаның масштабы 1: 20000000. А және В қалаларының арақашықтығын табыңдар.
3. Картада А және В пунктерінің арақашықтығы
7,2 см, ал жер бетіндегі арақашықтығы 360 км. Картаның масштабын табыңдар.
3)
Жаңа сабақ:
1) «Ой ашар»
(Радиус, диаметр, щеңбердің центрі ұғымдарын қайталау. Слайд №4)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.