Алгебра 9 сынып. Cабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді
меңгере отырып, бір тригонометриялық функцияның мәні бойынша қалғандарының
мәнін табуға, өрнектерді ықшамдауға есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру,
алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Негізгі тригономериялық
тепе-теңдіктерге есептер шығару арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,
танымдық қабілеттерін арттыру
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Пән аралық байланыс : дене шынықтыру
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен
сәлемдесу, жинақтау, зейінін сабаққа аудару.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Елімізде 7-қысқы Азиада ойындары
өтуде. Бұл ірі жарыстар өткізуде үлкен тәжірибелері бар
Жапония және Қытай сияқты
елдермен қатар осындай
құрметті құқыққа ие болған
біздің еліміз үшін үлкен мәртебе. Осынау
айтулы шара тек Азия елдерінен келетіндердің ғана
емес, әлем жұртшылығының назарын аударып
отыр. Біз бүгінгі сабағымызды осы
үлкен мерекеге арнағалы отырмыз.
Қысқы Азиада ойыны туралы қысқышы мағұлматы дайындаған оқушы :
-Азия ойындарының жалпы жарыстар
бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледіАзия ойындарына шамамен 32 Азия елі
қатысуда.
Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық
Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 Азия елдерінің спорт
қозғалысы басшылары қатысуда. Осы бағдарлама 65 медальдар жинағы ойналатын спорттың 11 түрі бойынша жарыстар
өтуде.
7-ші қысқы Азия Ойындарының ұраны:
«Мақсаты бірдің – рухы бір!». Аталмыш ұран спорттық Азияның біртұтас рухын,
мемлекеттер мен халықтардың бір мақсатқа жетудегі ауызбірлігі мен достығын
бейнелейді.
3. Үй тапсырмасын тексеру: №324, 327
Қысқы Азиада ойындарының
бірі- шайбалы хоккей. Ойын туралы оқушы жауабы:
Шайбалы хоккей. Арнайы мұз алаңында
доптаяқтары және шайбасы бар спорттық ойын командасы. Ойынның мақсаты –
қарсыластың қақпасына шайба соғу. Матчта көп шайба соққан команда жеңіске
жетеді.
Хоккей ойыны: Екі топ өзара сұрақ -жауап:
1. Бұрыштың өлшем
бірліктері?
2. бұрышының
синусы дегеніміз не?
3. бұрышының
косинусы дегеніміз не?
4. бұрышының
тангенсі дегеніміз не?
5. Тригонметриялық функциялардың анықталу аймағы? Т.с.с
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.