Поурочный план по казахскому языку по теме аэропорт астаны для 4 класса
25.02.2016
2699
753
Калиева Дина Николаевна
4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Астана әуежайы № 97. 3 тоқсан № 33.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін бақылау. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданылуын тексеру. Білім сапасына көңіл бөлу.
2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын тақырып бойынша дамыту. Сөздік қорын байыту.
3. Тәрбиелік: Тақырып бойынша жол жүру мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, суреттер, тақта, кітап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындау: *1-тапсырма, 106-бет. Тақырып бойынша берілген суретпен жұмыс. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасап, тақырып бойынша қосымша жұмыс жасау.
5. Жаңа сабақ: Астана әуежайы.
6. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сөздер:
Ұшқыш-летчик, болғым келеді-хочу стать, ол үшін-для этого, жүк ұшағы-грузовой самолет, оқу керек-нужно учиться, әскери тікұшақ-военный вертолет.
Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.
2-тапсырма, 106-бет.Тақырып бойынша берілген мәтінмен жұмыс. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушылардың сөйлеесу әрекетін жандандыру. Сөздік қорларын бақылап, тексеру.
3-тапсырма, 106-бет. Ұ. Есдәулетовтің өлеңімен сөйлесім әрекетінің барлық түрімен жан-жақты жұмыс жасау. Мәнерлеп оқу сайысымен тапсырманы жалғастыру.
4-тапсырма, 107-бет. Тапсырмада берілген сөйлесу арқылы оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін іске қосу. Жол жүру жайлы қарапайым тілмен әңгімелей білуге және сұрақтарға саналы түрде жауап беріп үйрету. Жұмысты жұптық тапсырма ретінде орындауға болады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
8. Сабақты қорытындылау:
5-тапсырма, 107-бет. Тақырып бойынша берілген суретпен жұмысты айтылым әрекетімен бастап, жазылым әрекетімен аяқтау.
Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 108-бет. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Оқушылардың білімін бағалау.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.