Сен ән айтасың
Сабақтың
тақырыбы: Сен ән айтасың
(2 сыныпқа арналған сабақ
жоспары)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қазақ тілінде дұрыс оқу, сауатты жазу, сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға жағдай жасау.
Міндеттері:
Білімділік: тақырып
төңірегінде сұраққа жауап бере білуге үйрету, жіктік жалғауын қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың
сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: достыққа, өзара
көмекке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықатырн арттыру.
Сабақ түрі: аралас
сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс,
диалог.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, мәтін жазылған таратпа қағаздар,
ойыншық аю.
Сабақ барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу
Ә) Қонақтармен амандасу. Психологиялық дайындық.
Б) Кезекшімен сұхбат.
- Кім кезекші?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Сабақта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
«Ыстық орындық» ойыны арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.
ІІ. Сабақтың мақсатын айту. Сабаққа
келген қонақтармен таныстыру («Маша және аю» мультфиліміндегі кейіпкерлер)
ІІІ. Тапсырмалармен жұмыс. Машаға көмектесу.
1-тапсырма. Сөздік жұмысы.
Ән айту – петь песню
Үйірме – кружок
Байқау – конкурс
Қатысады - участвует
А) сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазады;
Ә) мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды;
Б) тізбектеп оқиды;
В) жуан, жіңішке сөздерді бөліп атайды.
2-тапсырма – мәтінмен жұмыс.
Әсет екінші
сыныпта оқиды. Әсеттің ермегі – ән айту. Ол ән үйірмесіне барады. Ол көп ән
біледі. Бос уақытында ән айтады, би билейді. Түрлі байқауларға қатысады.
А) мәтінді мұғалім оқиды
Ә) оқушылар оқиды
Б) Әр топқа мәтін үзінділерін бөліп беру. Әр топ өз
бөлігін аударады.
В) Сұрақтар қою арқылы мәтінді бекіту.
Сергіту сәті
3-тапсырма – суреттерді
сәйкестендір.
А) Ән айтады
Би билейді
Домбыра тартады
Ә) Сөздерді жікте.
Мен |
ән айта ... |
би билей ... |
домбыра тарта ... |
Сен |
ән айта ... |
би билей ... |
домбыра тарта ... |
Сіз |
ән айта ... |
би билей ... |
домбыра тарта ... |
Ол |
ән айта ... |
би билей ... |
домбыра тарта ... |
IV. Бекіту
Ойыншық аю көмегімен «Сен ән
айтасың ба?» сұрағына жауап алу. Барлық оқушыларды қамту.
V. Қорытындылау.
Тапсырмаларды орындау арқылы аю
мен Маша табысты.
Топтарға берілген фишкалар
бойынша жеңімпаздарды анықтау.
VІ. Үйге тапсырма: сөздік
жаттау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.