Қазақ тілі "Менің ауылым" 5 сынып
Ашық сабақ
Сынып 5 « Б» Күні 17.05.15ж
Пән аты: қазақ тілі
Пән мұғалімі:Рахимова Г.Ж.
Тақырыбы: Менің ауылым.
Мақсцаты: ауыл өмірінің
ерекшеліктері туралы қазақ тілінде айта
білу, тұрлаулы мүшелерді пайдаланып,
сөйлем құрастыра білу; қазіргі кездегі
ауыл жағдайы қандай жағдайда екені туралы
өз ойын айта білу, әңгіме, сөйлем құрастырғанда жаңа сөздерді пайдалана
білу.
Міндеті:
Білімділік:
Тұрлаулы мүшелері туралы
түсініктерін пысықтау;
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық
қабілет-терін,сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін арттыу.
Тәрбиелік: өз жерін сүюге, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар :интерактивтік тақта, интернет
ресурстары,
флипчарттар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: ауызша, жазбаша,
сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
а) Амандасу;
ә) Әнұран
орындау
б) Оқушыларды
түгендеу /кезекшімен сұхбат/
в)
Оқу-құралдарын тексеру /оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, күнделік/
1. Тренинг «шаттық шеңбері» 3 мин
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін
қуаныш нұр іздегенн.
Шуақ толы жанымыз
жүрегіміз. ( Бір-бірлеріне жақсы сөздер айту).
2. Оқушыларды топқа бөлу. 2 мин
Түрлі-түсті
стикерлер арқылы топқа бөлу. 2-топқа бөлу.
Жамбыл ауылы,
Абай ауылы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 5
мин
1) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
5 сөйлем құрастыру.
2) Диалог «ауа райы»
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ой
шақыру: 5 мин
Жаңа
сабақтың тақырыбын ашу.
Өлең
тындау.
Туған жер
«Алыс
кетсем мен сені-ай аңсап жүрем.
Сағыныштан өзіңе ән салып жүремін туған жер.
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері-ай күн қақтаған туған
жер.
Б. Тәжібаев.
Балалар өлең не туралы?
Ауылда кімдер тұрады?
Ауылда нелер бар?
Ауылдың ауасы қандай?
Сен ауылда болдың ба?
2. Суреттер арқылы топты атау.
Жамбыл ауылы, Абай ауылы.
2) Жаңа сөздермен жұмыс: Оқу,
талддау,сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру. 3 мин
Ауыл – село, аул
Ауа- воздух
Демаламыз-
отдыхаем
Шөп- трава,сено
Шапты-
косил
Жинау-
собирать
Еңбекқор-
трудолюбивый
Көлеңке- тень
Бару- пойти
Қымыз- кумыс
Сусын- напиток
Дәптермен жұмыс: 5 мин
1-топ:
Мәтінді әңгімелеп, тұрлаулы мүшелерді тауып жазу.
Мәтін.
Мен жазғы демалыста ауылға бардым. Ауылда мен атама көмектестім. Атам шөп шапты. Мен
жинадым. Мен жазғы демалыста ауылға бардым. Ауылда атам мен әжем тұрады. Атам
мен әжемнің бес түйесі, екі сиыры, үш биесі, он бес қойы, он ешкісі, көп тауығы,
үйректері, қаздары бар. Атам – еңбекқор адам.
2-топ:
Сурет арқылы жұмыс жасау. Берілген суретті әңгімелеу.
IY. Сергіту сәті: «Қара жорға»
Топпен жұмыс: Кластер сызу, қорғау. 10 мин
1. Ауылдың табиғаты қандай?
2. Ауылдың адамдары қалай өмір сүреді?
Y.Бекіту: 2 мин
1.Жамбыл ауылы мен Абай ауылы туралы қысқаша әңгімелеу.
2. Синквин құрастыру.
1. Зат есім. ауыл
2. Сын есім
3.Етістік
4.Фраза
5. Зат есімге синоним
YI. Бағалау : 2 мин
Балалар «Джиксо» әдісін қолданып, бір-бірін бағалайды. 2мин
VII. Үй тапсырмасын беру, орындалу
жолдарын түсіндіру: 2 мин
Эссе жазу «Менің ауылым»
YIII. Сабақтың соңы:
Рефлексия жазып, стикерді тақтаға жапсырады. 2 мин
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.