Қазақ тілі "Өзіңді – өзің тексер" 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік. Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы
алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау,пысықтау және қайталау.
2.
Дамытушылық. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту,
сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3.
Тәрбиелік. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай
білуге баулу.
Көрнекі - құралдар:
сөзжұмбақ, суреттер, жұмбақтар
Сабақтың әдіс - тәсілі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың түрі: қайталау
сабағы.
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың
барысы:
Қызығушылықты ояту.
Сабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дара тілім.
Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым қазақ тілім
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
2.
Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!
2. Мақсат қою кезеңі.
Сөйлем
мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін
тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
3. Үй
тапсырмасын тексеру:
51-жаттығу, 74-бет
1. Жұмбақтың
шешуін табу,
2. Құрмалас
сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау
4. Өткенге шолу. "Ой ашар"
v Құрмалас
сөйлем дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған
сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
v
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі
толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесідейміз.
v
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.Олар: тұрлаулы
және тұрлаусыз мүшелер.
v
Сөйлем
құрылымына қарай қанша топқа бөлінеді?
Сөйлем
құрылымына қарай екі топқа бөлінеді. Олар: жай сөйлем және құрмалас сөйлем.
5. Білімді бекіту кезеңі. «Синтаксис еліне саяхат»
1. «Сөйлемдерді
өз үйіне орналастыр»ойыны
Сөйлемдерді тиісті үйлерге орналастыру (үлестірмелі қағаз)
2.
1-жаттығу. Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талда. Сөйлем
мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
Мұңайып үй артында терек тұрды.
3.
2-жаттығу. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тап. Осы сөйлемдегі бір сыңары
күрделі сөзден жасалған сөз тіркесіндегі сөздің байланысын сызбамен көрсет.
Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
4.
3- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Бұл не?
Әліпби.
5.
«Сыңарын тап» ойыны
5- жаттығу Мақалдың сыңарын табу.
Бесінші мақалды сөйлем мүшесіне талда.
6.
Бекіту кезеңі.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сабақта нені қайталадық?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді
«көңіл-күй» смаиликтарымен бағалаймыз.
7.
Үйге тапсырма беру кезеңі.
4-жаттығу. Берілген сөздерден жаңылтпаш
құрау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.