Сабақтың тақырыбы: Әженің әлдиі. Сынып: 7.
Сабаққа түсініктеме
7-ші сыныпта қазақ тілінен бағдарлама
бойынша «Әженің әлдиі» тақырыбын өтеміз. Әр адам «әже» сөзін естігенде, балалық
шағын, өз әжелерің еске түсіреді. Әжелеріміздің аяулы алақаны, тәп-тәтті
бауырсықтары көз алдымызда. Сондықтан осы сабақты жоспарлағанда, мен біріншіден
Әл-Фараби сөзін басшылыққа алдым. Ол былай жазған: «Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның бар өміріне апат әкеледі.» Сабақтың басымды мақсаты-тәрбиелік.
Тағы да бір ескеретін жай-үш деңгейлі курстарды аяқтағандықтан, сабақтағы жұмыс
көбінесе топтық формасы арқылы өтеді. Жоспардың 4-ші бағанасында сабақтың әр
кезеңінде қолданылған модульді көрсеттім.
Сабақтың барысы:
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Әженің әлдиі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың
өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп, оның әжесі Зере туралы әңгімелеу, оған
мінездеме беру және де әжелердің немерелерін тәрбиелеуде зор маңызын түсіндіру
Дамытушылық: сөздік қорын байыту, лексикалық тақырып бойынша ауызекі
және жазба сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелік: қазақ отбасындағы әжелердің ерекше әсерін көрсету,
жасөспірімдерді әжелерді құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу, топтық жұмыс арқылы өзара көмек
көрсету, бірін-бірі сыйлау дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың
типі: жаңа сабақ
Сабақтың
түрі: дәстүрден тыс
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: тақырыпқа сай
суреттер, Қарақаттың «Асыл әже» әні
«Ақ сүт берген аналардың
анасы-әже.
Әженің әңгімесін, ақылын
тыңдау,
ертегісін есту, өнегесін
үйрену-
ұрпақ үшін үлкен міндет»
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.