Қазақ тілі «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз» 10 сынып
Сабақтың мақсаты: Түсініп оқу, оқылған мәтіннің
негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап ала білу.
Күтілетін нәтиже: Мәтінмен жүйелі жұмыс істейді,
керекті мәліметті таңдап алады, жай және тәуелді септеулерді еске түсіріп,
орынды қолдана алады.
!
Модульдер: ЖАДА жұмысы. Қайталап сұрақ қою. СТО, АКТ, диалогтік
оқыту
Белсенді жұмыс түрлері: Сыни
тұрғысынан ойлау, АКТ, Топқа бөлу, интербелсенді тақтаны түсіндіру құралы
ретінде қолдану. Диалог, миға шабуыл, ассоцияция жасау, деңгей лік тапсыр малар
орындау.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық
дайындық. Айнаға қарап өзі жайлы
әңгімелеу.
ІІ. Үй
жұмысын тексеру. Топтық жұмыс.
Қымыздың пайдасы жайлы
әр топ өз постерлерін қорғайды.
ІІІ. Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
·
Миға шабуыл. Бюджет деп біз нені айтамыз? Қаржыны жоспарлау дегенді қалай түсінесіңдер?
·
Жұптық жұмыс. Жауаптарын бір-біріне айту.
·
Топтық жұмыс. Топта сұрақтарды талқылап, жауаптарын постерге түсіру.
Мәтінмен жұмыс.
1.
Оқушылар өз беттерімен мәтінді оқиды.
2.
Түсінбеген
сөздердің мағынасын көршісінен сұрайды.
3.
Мәтінді түсініп
оқиды. (өздігінен аударады)
4.
Жұптық жұмыс.
Сұрақтарға жауап береді.
5.
№2 тапсырма.
Мәтіннен зат есімдерді тауып,
6.
Көптік жалғауда тұрған зат есімдерді анықтау.
7.
№3. Төмендегі
зат есімдерді септіктермен сәйкестендіру.
IV. Сабақты
қорытындылау.
Рефлексия. Сабақта нені
үйрендім? Нені түсінбедім?
Үйге тапсырма. 37
бет. №4. Табыс, кіріс, шығыс, төлемақы сөздерін септеңдер.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.