Қазақ тілі «Балаларға арналған сарай. Етістіктің осы, өткен шақтары» 11 сынып
Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: оқушылардың
білім грамматика саласынан білімдерін тереңдету, алған білімдерін қолдануға төсілдіру.
Ә)дамытушылық : оқушының ауызекі
сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын
кеңейту.
Б)тәрбиелік : оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру, білімді болуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа білім беру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ тіл білімі
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс,
тапсырмалар орындау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
* Оқушылармен амандасу, түгендеу.
* Сабаққа деген дайындықтарын тексеру,
кезекшімен сұхбаттасу.
2. Үй жұмысын тексеру:
*
Етістіктің келер шағы (ережені жатқа айту)
* Сөздік қорларын анықтау (мәтіндер
бойынша) Жаңаруы, үміт, сенім, қадам, белгі, мәдениет
сарайы, сәулет, қиял,
қамтамасыз етеді, дәстүрлі, мәдениет
3. Білімдерін жан-жақты тексеру:
* мәдениет ошақтары туралы әңгімелеу
* бер,
кел, шық, оқы - келер шаққа қою
4. Білімді меңгерту:
1) Кестемен
жұмыс істеу: ережені түсіндіру, жаздырту мысалдар келтіру
2) Жаңа сөздермен жұмыс:Мекеме-үйлері: балабақша, мектеп, дүкендер, сауда үйі ,
3)Мәтінмен
жұмыс:оқып,аудару,сұрақтар құру
* Ережені қолданып етістіктерге талдау жасау
- Жаттығу жұмыстарын орындау (шың
кітабынан)
5. Білімді бекіту: тапсырмаларды орындау , орындалуын тексеру
*** Сөздерді дұрыс оқу
6. Қорыту: 1)
Етістіктің шақтары жасалуын қайталау
2) Әңгіме құру: балаларға арналған мәдениет ошақтары.
Үй жұмысы : ережені
жаттау , тест тапсырмаларын
орындау(шың кітабынан ) .
Бағалау. Қоштасу.
1944 жылы Алматы қаласында балалар
және жасөспірім театры ашылды. Соның негізінде 1945 жылы орыс труппасы, ал 1946
жылы қазақ труппасы қалыптасты. Осы театрды әр жылдары басқарған режиссерлер
В.Гродский, Б.Добронравов, ГА.Тоқпанов, С.Хайруллина болды. Актерлік құрамында
Қ.Жәкібаев, К.Қожабеков, М.Құланбаев, Ә.Өмірзақова, жұмыс атқарды.
1985 жылы бұл театр өз алдына Ғ.Мүсірепов
атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театры және
Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры
болып екі ұжымға бөлінді.
Қазақстанда
бүгінгі күні барлығы 47 мемлекеттік театр жұмыс жасайды.
Қазақстанның
тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма
және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.