Қазақ тілі "Болымды және болымсыз етістік" 3 сынып
17.05.2015
7777
1
Маткаримова Гулфия Кусайыновна
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға етістік туралы, оның түрлері туралы
алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге
мүмкіндік туғызу.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы
теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын тексеру:
179 бет 47-жаттығу
Сурет мазмұны бойынша құрастырған әңгімелерін оқыту, талдату.
Жан-жақты білімдерін тексеру:
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар, қазір қай мезгіл?
«Көктем» өзінің қандай ерекшеліктерімен басқа мезгілдерден ерекшеленеді?
Ондай болса балалар, бізде «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» атты тақырыпта бастауыш сынып аралығында он күндік басталды. Осы өлең жолын қай ақынның өлеңінен кездестірдіңдер?
Қане, кімнің есінде қалыпты кім айтып бере алады?
Масатыдай құлпырған көктеміміз де келіп жетті, ондай болса,
осы сабағымызда өзіміздің білімімізді пайдалана отырып, көктем мезгіліне байланысты әр суретке болымды, болымсыз етістікті пайдалана отырып екі жол өлең құрастырып көрелік. Күн, бұлт, ағаш, тау, бәйшешек, қарлығаш.
Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс
Күн ретін жазу. Көркем жазу Ш ш шағала
49-жаттығу
Жұмбақтың шешуін табу. Жұмбақты көшіріп жазып, болымсыз етістіктердің астын сызу.
Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер,
Кейде ұйпап кетер.
көрінбейді, ілінбейді (жел)
50-жаттығу (тақтамен жұмыс)
«Жүйрік» тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып қатесіз орындап шығу.
Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.
бар-барма кес-кеспе жон-жонба
кел-келме аш-ашпа үз-үзбе
51-жаттығу
Мақалдарды жатқа жаз. Мағанасын ашу. Болымсыз етістіктердің астын сызу. Мақалда қандай болу керек дейді?
1. Өзіңді зор тұтпа,
Өзгені қор тұтпа.
2. Еңбек етпесең, елге өқпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Балалар,ертең қандай мейрам?
52-жаттығу «Көкпар»
Суретке мұқият қарап «Анама сыйлық» тақырыбына мәтін құрастырыңдар.
Мәтінде қолданған етістіктерді ата.
Суретте кімдер бейнеленген?
Олар не істеп тұр?
Аналарына неліктен сыйлық жасады?
Сергіту сәті:
Мәпелейсің мені анам, Сен жетектеп өтерсің,
Қолыңдағы құсыңдай. Мен жаттыға өтермін.
Құлпыра өсіп демалам, Айтқаныңды екі етпей,
Құшағыңда қысылмай. Ақ сүтіңді өтермін
53-жаттығу «Теңге алу» Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып, өлеңді көшіріп жазу.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар...,
Қаңқылдап, сымпылдап, шаңқылдап, қарқылдап
54-жаттығу «Аударыспақ» 2оқушы шығып дұрыс шешімін табу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
Сабақты қорытындылау:
Не білдік? «Бүгінгі күн» шағын шығарма жазу
Үйге тапсырма: 55-жаттығу «Бата» жаттау
Бағалау:
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.