Қазақ тілі "Наурыз-көктем. Наурыз-жыр. Наурыз-думан" 4 сынып
31.03.2015
4539
811
Кущанова Баянслу Байкушкаровна
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - оқушылардың білімдерін жаңа мәліметтермен толықтырып, Наурыз мейрамы туралы білімдерін жүйелеу, сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылық - түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік - қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ, интерактивті.
Типі: іздендіру сабағы, тіл дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, аударма, талдау жұмыстары, іздену.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Наурыз туралы оқушылардың презентациялары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 1-й слайд. а)Сәлемдесу. ә)Тіл дамыту сұрақтары.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Көктем туралы әңгімелеу.
ІІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. –Көктемде қандай мерекелер бар?
- 22 наурыз қандай мереке?
- Бүгін сабақтың нақты мақсаты: Шығыс халықтары неге Наурыз мерекені 22 наурызда тойлайды? Наурыз мейрамда қандай ұлттық тағам дайындайды?
- Наурызкөжені неге 7 түрлі дәмнен жасаған?
- Наурыз туралы қандай өлең,тақпақ білесіңдер?
- Наурыз мереке туралы не білеміз? (1-2оқушының презентациясы)
2. Наурыз – күн мен түн теңелген күні яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады, табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді, жан - жануар төлдеген, табиғат оянады.
3. Жұмбақ. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)
4. -Суретте қандай тағам?
-Наурызкөжеге қандай дәмдер салады?
Наурызкөжеге салынатын дәмдер (су, ет, сүт, құрт, тұз, арпа, күріш). Міндетті түрде дәм саны 7 болған, бірақ осы дәмдермен шектелмей басқа да қосқан. «7» қасиетті сан, 7 ата, 7 күн, 7 қазына, 7 музықалық дыбыс. Халық даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге теңеген (балап айтқан). Су-көк түс, тіршілік көзі, өмір өзен. Ет-қызыл түс, қазақтың төл асы, «қазан толсын, асар мол болсын» деп сүр етті Наурызкөжеге салған. Сүт-ақ мол, ақ мол болсын, көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. Құрт-күшті ас, пайдасы мол, аурушан адамдарға қуат береді. Тұз-қара түс, астың дәмін келтіреді. Арпа-қоңыр түс, дәрілікке ем, көптеген ауруларға шипалы. Күріш-табиғи элементтерге бай, ұрпағымыз көп болсын деген тілек білдіреді. Майды-сары түспен теңеген. Жасыл өсімдіктің дәні –жасыл түс. Осы 7 түс-Күн-Ананың нұры, шуағын, жылуын білдіреді.
5. - Наурызкөже туралы қандай тақпақ, өлең білесіңдер
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырысты
Таттық наурызкөжеден.
Наурыз көже татысып,
Үйден үйге кірген күн.
Ән мен биге қатысып,
Қауым боп ойнап –күлген күн.
6. «Жаңылтпашты жылдам оқу» сайысы.
-Көже пісті,
Көжені неше кісі ішті.
Неше кесе ішті.
7. - Наурыз тойында әртүрлі жарыстар, ойындар өткізіледі. Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
Ойын ойнату «Кім күшті», «Теңге алу».
8. - Наурыз тойына байланысты қандай дәстүрлер бар?
Наурыз көже-мерекелік тағам. Наурыз жыры-мерекелік өлең. Наурыз бата-мерекелік бата. Наурыз тілек - Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер. Наурызкөк-наурыз айында ұшып келетін құс. Наурызшешек-наурыз айында өсетін гүл. Наурызша-наурыз айында ою-өрнекті әрі жұп-жұқа жердегі қар.
9. Дәптермен жұмыс.
Берілген сөйлемдерді толықтыру.
10. Тақтада жұмыс
Наурыз сөзді-септеу, той сөзді-тәуелдеу.
11. Тест
1. наурыз сөзі нені білдіреді?
а) жаңа түн; ә) жаңа жыл; б) жаңа ай; в) жаңа күн;
2. Наурыз тойының басты асы не?
а) қымыз; ә) наурызкөже; б) құрт; в)бауырсақ;
3. Наурыз тойында қариялар беретін тілек қалай аталады?
а) құттықтау; ә) бата; б) мадақтау; в) өкініш;
4. Қазақ халқы Наурыз мейрамын қалай атайды?
а) Жылдың басы; ә) Ұлыстың ұлы күні; б) Көктемгі күні; в) Жазғытұрым;
5. Наурыз күні аңыз бойынша кім келеді?
а) Қыдыр ата; ә) Шопан ата; б) Қамбар ата; в) Қанбақ шал;
12. Сөзжұмбақ. Сөздерді аудару.
1. день; 2.месяц; 3. время; 4. праздник; 5. погода; 6. легенда;
Н
А
У
Р
Ы
З
IV. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта қай мереке туралы әңгімеледік?
V. Бағалау.
VI. Үй жұмысы.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.