Қазақ тілі "Құрмалас сөйлем" 5-10 сынып
Карточка №1
1-тапсырма. Сөйлемдердің жасалу жолына назар аударыңыз.
Айырмашылықтарын атаңыз.
? |
? |
Салаластың жай
құрмаласу тәсілі |
Мен, інім еш
нәрседен қорықпаймыз. |
Мен де
қорықпаймын, інім де қорықпайды. |
|
Жел дүрілдейді,
ысқырады. |
Жел дүрілдейді, ол
ысқырады.
|
|
|
|
|
|
|
|
1-тапсырма. Сөйлемдерді және, да/де, та/те шылаулары
арқылы салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2.
Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Болат жолдасына сұрақ қойып
жатыр. Жолдасы жауап беріп жатыр. 4. Мен
үйге келдім. Менің шешем шай дайындады.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1.Біз саябақта демалдық та, ... . 2.
Қар жауды да, ... . 3. Аспанды қара бұлт басты да, ... 4.
Салтанат «Арман» дүкеніне барды да, ...
.
3-тапсырма.
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1.Самолет приземлился, и пассажиры покинули его.
2. Больной пришел в
поликлинику, и врач измерил его давление.
Карточка №2
1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, жасалу жолын анықтаңыз.
1.Жел
тұрды, - жаңбыр жаумады. 2. Күн
бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
3. Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз. 4. Шәкен педагогикалық техникумда оқыды,
дегенмен ол мұғалім болмады. 5. Актер
Айманов өмірден жас кетті, сонда да қазақ фильмінің дамуына елеулі үлес
қосты. 6. Ағасы Шәкеннің мұғалім
болғанын қалады, бірақ ол актер болуды армандады. 7. Шәкен Айманов атақты актер, режиссер
болды, алайда халық арасында қарапайымдылығымен танымал.
2-тапсырма. Екі жай
сөйлемнен «бірақ», «сонда да», «дегенмен», «алайда» жалғаулық шылауларды
пайдаланып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құраңыз.
1.Ән басылды. Домбыра сазы тоқталған жоқ.
2. Қар еріді. Жер көгере қоймады.
3. Автобус сағат бесте келді. Адамдардың бәрі осы кезде
дайын емес еді.
4. Үйден шыққанымызға жарты сағат болды. Баратын жеріміз
әлі алыс болып көрінді.
3-тапсырма.
Қарсылықты салаластың екінші сыңарын тауып, тыныс белгілерін қойыңыз.
1. Таң жақындап
қалды бірақ ... 2. Сәуле күлейін деп еді
... 3. Аспанды қалың бұлт басып еді
дегенмен ... 4. Күн ызғары суық болды
сонда да ... 5. Ол орнынан тұрайын деп
еді ...
6. Менің киімім жұқа болды ... 7. Бүгін мен көп жұмыс
тындырдым сонда да ...
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.