Қазақ тілі "Қазақстанның елордасы – Астана қаласы" 5 сынып
Молдоназарова Сәуле Ментайқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы Қамысты ауданы
Краснооктябрь орта мектебі
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың
туған жер, Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін толықтыру, ойларын
ауызекі тілде жеткізуін қалыптастыру. Елордасы-Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:сөз қорын байыту,
грамматикалық материалды бекіту.
Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын,
жерін сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, қайталау, топпен, түсіндіру,
ойландыру.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, әнұранды орындау.
Ә) Кезекшімен
тілдесу ( сұрақтар сиқырлы
сандықтан).
ІІ. Лексикалық кезең.
( сұрақ – жауап).
1.Біз қай мемлекетте тұрамыз?
2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
3.ҚР қай жылы өзінің тәуелсіздігін жариялады?
4.Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
5.Рәміздерге не жатады?
6.Рәміздер қай жылы
қабылданды?
7.Әнұран қай жылы өзгерді?
8.Әнұранның сөзін жазғандар кім?
9.1 желтоқсанда
қандай мейрам болады?
10. Еліміздің Президенті кім?
11. 16 – 17
желтоқсанда қандай мейрам болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, біз
Қазақстан Республикасында тұрамыз дедік, ал енді сонда бұл біздің неміз болады? (Отанымыз).
Отан – деген сөздің мағынасы қандай?
Сөйтіп Отан – дегеніміз адамның туып – өскен жері. Сендер
қай жерде, қай мемлекетте туып – өстіңдер? (Қазақстанда).
Ал, енді қазір екі
топқа бөлініп бір – бірден шығып «Отан»
және «Қазақстан» деген сөздерге
ассоциация толтырамыз.
ІV. Сергіту сәті.
Қолды алға созайық
Қайшы кескен болайық
1,2,3,4 – 2 рет
Енді еркін тыныстап
Демалайық дұрыстап
1,2,3,4 – 2рет
Жақсы, бойымызды сергеттік, денемізді жаздық. Енді
орнымызға отырайық.
V. Жаңа тақырып:
Балалар, Қазақстанның бас қаласы қай қала? Бүгінгі біздің
тақырыбымыз «Қазақстанның елордасы – Астана қаласы».
Қазір, біз
Астанаға саяхат жасаймыз. (презентация).
А) жаңа сөздермен таныстыру:
Елорда – столица
Бас қала – главный город
Есіл өзені – река Ишим
Негіз – основа , фундамент
Атауы – название
Оң жағалауында – на правом берегу
Өзгерту – изменить
Құлпыру – цветет
Ә) Аудармасын табу. (жазбаша жұмыс) парақта.
Б) Мәтінмен жұмыс:
1 – тапсырма бет 61 (оқып, аудару).
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Мәтін
бойынша тәуелдік жалғауы бар сөздерді
көшіріп алу.
Қаласы - тәуелдік
жалғау, 3 жақ, жекеше түрі, елордасы – т.ж. 3 жақ, негізі – т.ж., 3 жақ, жылы
т.ж., 3жақ, астанасы – т.ж., 3 жақ, атауы – т.ж. ,3 жақ.
Септік жалғауларды қайталайық
1 – тапсырма 61 бет.
Қазақстанның – І.с., Есіл – А.с., өзенінің – І.с., қаланың – І.с., Ақмола – А.с..
VІ. Бекіту.
Эстафета ойыны арқылы «Кім жылдам, дұрыс?»
-Біздің Астана
қандай қала?
-Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
-Ол қай жылы
Ақмола деп аталды?
-Қай
жылы Астана деп аталды?
-Астананың болашағы қандай?
VІІ.
Үйге тапсырма: 3 – тапсырма 69 бет «Қалаға саяхат»
мәтінге диалог құру.
Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.