Қазақ тілі "Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер" 6 сынып
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
№67 ЖББМ КММ
қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі
Омарова Динара Нусиповна
Қазақ тілі 6 «А» сынып |
Күні: |
Сабақтың
тақырыбы: |
Сан есім туралы
түсінік. Дара және күрделі сан есімдер |
Сілтеме |
С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова Алматы,
«Атамұра» 2011ж. |
Сабақтың
мақсаты: |
Білімділік: Сан есім және оның құрамы туралы түсінік
беру, грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық деңгейін,
ой-өрісін кеңейту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін тыңдай,
сыйлай білуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу |
Оқуты
нәтижесі |
Жеке және топтық жұмыс арқылы білім алмасып, сөйлеу
дағдысын, шығармашылық қабілетін, молайтады, өзіндік баға бере алу тиімділігі
артады. |
Сабақтың
түрі |
Жаңа сабақ |
Сабақтың
әдіс-тәсілдері |
диалогтік әдіс, жеке және топтық жұмыстар арқылы
талантты, дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасау |
Сабақтың
көрнекілігі |
Сызба-кесте, слайд, үлестірмелі қағаздар |
Пәнаралық
байланыс: |
әдебиет |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері |
Уақы-ты |
Мұғалімнің
іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
а) оқушылармен амандасып, түгендеу б) сынып тазалығына назар аудару және оқушылардың
назарын жаңа сабаққа аударту |
Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендейді |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі |
5
мин |
Барлық оқушылардың үй жұмысын толық, дұрыс, түсініп
орындалуын анықтайды Сын есіммен байланыстырып, «Күз» тақырыбында шағын
шығарма жазу |
Оқушылар «Күз» тақырыбында шығармаларын оқып, сын
есімнің мағыналық түрлерін ажыратады |
Өзектілеу кезеңі |
2 мин |
-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау (Ертегі арқылы оқушыларға мәлімет беру отырып, жаңа
сабақтың тақырыбын анықтау) |
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне
сабақтың тақырыбын жазады |
Білу |
6 мин |
Заттың саны, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін
сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген
сұрақтарға жауап береді. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі деп екіге бөлінеді.
|
|
Түсіну |
5 мин |
-Мәтінді тізбектеп, мәнерлеп оқыту
-Мәтіннің мазмұнына шолу жасайды, А,В,С деңгейдегі
оқушылар өз ойларын ауызша айтады.
|
Оқушылар мәнерлеп оқып шығады
Оқушылар арасынан әр топтан А,В,С деңгейлері шығып
мазмұнын айтады.
|
Қолдану |
9 мин |
-77 бет 159-жаттығу (дара және күрделі сан есімдерді
табу, сөйлем құрастыру)
-Көру диктанты (санмен көрсетілген сан есімдерді
жазбаша жазып шығады)
-Мәтінде түрлі-түсті әріптер берілген, сол әріптерді
бір түспен сәйкестендіріп сан есімдерді табу
|
Оқушылардың бірі тақтаға шығып дара, екіншісі күрделі,
үшінші оқушы сөйлем құрастырады.
Оқушылар өзара бір-бірін тексеріп бағалайды.
Оқушылар топпен мәтіннен сан есімдерді тауып шығады,
ауызша оқиды.
|
Сергіту сәті |
1 мин |
Әртүрлі суреттер топтамасы ұсынылады. Көзге арналған
жаттығулар |
Оқушылар жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Суреттер топтамасына қарап, көздерін жаттықтырады. |
Талдау |
3 мин |
- 1- топқа
«Жүргек поезд» тапсырмасы ұсынылады. Олар артық вагондарды анықтап, тақырыпқа
сай сан есімді тауып, вагондарды
тіркеу қажет. 2,3 – топқа «Түймедақ» гүлін құрастыру ұсынылады. Бірі
дара сан есімдерді анықтаса, бірі күрделі сан есімдерді анықтайды
|
Оқушылар топпен бірігіп бірі поезд вагондарын тіркеп
құрастырады, екіншілері «Түймедақ» гүлін құрастырып, сан есімдерді анықтайды.
|
Жинақтау |
4 мин |
-Қима-қағаздарда берілген жалпы сөз таптары бойынша
сұрақтарға жауап береді. |
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, жауап
берілген сұрақтарды өз орнына сәйкестендіріп орналастырған кезде тақырыппен
байланысқан сурет бейнесі шығуы тиіс
|
Үй тапсырмасы |
1 мин |
78 бет 161-жаттығу «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын
шығарма жазу (сан есімдерді қатыстырып)
|
Оқушылар күнделіктеріне үй жұмысын белгілейді |
Оқушылардың білімін бағалау |
4 мин |
Сабаққа белсенді
қатысқан оқушыларды бағалайды (суммативті)
|
Өзін-өзі бағалайды |
Рефлексия кезеңі |
2
мин |
-Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленеді? -Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық? |
« Білім ағашы»
арқылы оқушылар түрлі-түсті қағаздармен бүгінгі сабақтан алған әсерін
көрсетеді |
Тексерілді:
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.