Қазақ тілі 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Түркістан қаласына саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.Қазақстанның киелі
қаласына саяхат.
Дамытушылық:
Ойлау қабілеттерін дамыту.Өз ойларын мемлекеттік тілде
алуға үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ жеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.Ежелгі қалаларды сақтауға баулу.Мәдениетін көтеругебаулу.Ақпаратты-коммуникативтік
технологиялар арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың
типі:Саяхат сабақ
Сабақтың формасы:топтық
Сабақтың
түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдіс-тәсілі:Интерактивті
ойын-саяхат.
Көрнекілік:Интерактивтік тақта Уақыты:45 минут.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайынығын қамтамасыз ету.Оқушылардың
назарын сабаққа аудару.
Бүгін қай күн?
Қазір қай ай?
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ: Түркістан қаласына саяхат.
Түркістан-екі
дүние есігі ғой.
Түркістан-ер
түріктің бесігі ғой.
Тамаша
Түркістандай жерде туған
Түріктің
тәңір берген несібі ғой... (Мағжан Жұмабаев.)
Міне оқушылар бүгін Түркістан қаласына саяхат жасаймыз,
керек жабдықтарды алайық,бірақ балалар әр аялдамада сендерді күтпеген жағдайлар
тосып отыр.
Сыныптан тыс пән аралық сабақ.
Оқушылар 5-6 оқушыдан 2 топқа бөлінеді. 1-ші топ
«Тілшілер» командасы 2-ші «Тарихшылар»
командасы.
1.Іс-шара қазақ тілі мұғалімімен тарих пәні мұғалімінің
бәсекелестігінен басталады.Әр қайсысы өзінің пәнінің қазіргі кезенде өте
қажетті қызықты екеніне сенімді.Бұл бәсекенің шешімін табу ұшін мұғалім ойын
ойнауға шақырды.Бұл кезенде «Тілшілер» командасы, «Тарихшылар» командасы.
Түркістан
қаласына саяхат сыныптан тыс
пән аралық іс-шара. |
2.Оқушылар өз командасымен таныстырады.Әр командада 5-6
оқушыдан тұрады.
3.Бағдар картасымен таныстыру.
Осымен екі каманда қызықты да тартымды саяхатқа жөнелді.
Бірінші
аялдама. «Тапқыр»
аялдамасы.«Тілшілер» командасына тапсырма.Оқушылар осы аялдамадан өту үшін
берілген тапсырманы орындау қажет.Әр тапсырмаға 5 балды ұпай беріледі.Сұраққа
жауап бер.Сыйлыққа жет.
3.Түркістан 4-10 ғасырларда қалай аталған?
2.Түркістан қаласы қай аймақта орналасқан?
1.Түркістан қандай қалай?
Екінші
аялдама: «Білгірлер» аялдамасы.«Тарихшылар»командасына тапсырма. Мына сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
1.Суы мол болған,Оңтүстіктің ауа райы жылы.
2.Қорған салынған қаланы айналдыра.
3.Мықты болған қорғанның қақпасы.
Үшінші
аялдама: «Шешендік өнер» аялдамасы. «Тілшілер» командасына тапсырма.Оқушылар берілген сурет бойынша сұраққа жауап берулері
тиіс.
1.Бұл кімнің кесенесі?
2.Шығыс моншасы туралы не білесің?
Төртінші
аялдама: «Ұшқырлық» аялдамасы.«Тарихшылар»командасына
тапсырма.Бұл тапсырмада оқушылар өздерінің ұшқыр ойлы, тапқыр
екендерін танытады.Берілген тірек сызба арқылы сөйлем құрастырады.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.