Қазақ тілі. Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру, түлкі,
қоян, аю, қасқыр сөздерін дұрыс айтқызып
үйрету. Сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға
деген қамқорлық сезімдерін ояту арқылы табиғатты сүюге баулу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету
Алдын-ала
жұмыс: жабайы аңдардың муляжын
қарастырып әңгіме жүргізу.Түстерін ажырату,немен қоректенеді.
Көрнекі
құралдар:ойыншық ағаштар, ойыншық
аңдар
Күтілетін нәтиже:
Білу:жабайы аңдардың аттарын білу
Түсінеді:жабайы аңдар деген не?Олардың пайдасы.Неге оларды
жабайы аңдар деп атайды?
Қолдана
алады: құмзар арқылы жабайы аңдар
туралы әңгіме құрастырады.
Сабақтың барысы
1.Мотивациялық ояту.
«Таңғы шеңбер»:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бір жандарға.
Ертемен, ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
(Балалар шеңбер бойы тұрып,бір-біріне, қонақтарға,
сәлем береді)
Балалар сендер орманға барғыларың келе ме?
Орманда не тұрады?
(Балалар жауап береді.)
2. Педагог балаларға құм терапиасына отыруды ұсынады.
(Балалар
қуанып отырады.)
3.Зерттеуді ұйымдастыру.
Балаларға көздерін жұмып орманды елестетуді ұсынады. (орманның әуен ойналады.)
(Балалар көздерін жұмып елестетеді. Аңдардың атауларын қайталайды.)
-Балалар ,біз қайда келдік? (Орманға келдік)
Педагог аңдардың атауларын көздерін жұмып елестету арқылы қайталатады.
-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі! Орманда нелер болады?( Балалар,жан-жағына
қарайды:жабайы аңдар бар)
4.Жабайы аңдарғатуралы
әнгімелесу.
-Қасқыр қандай?( Қасқыр кекшіл,тістері үлкен,қоңыр
түсті,құлағы кішкентай)
-Аю қандай?(Аю үлкен,қоңыр түсті,қыста
ұйықтайды.Балды,жемістерді жақсы көреді)
-Түлкі қандай? (Түлкі қу,түсі қызғылт
сары,құйрығы ұзын)
-Қоян қандай? (Ұзын құлақ,қыста ақ,көктемде
сұр түске айналады)
5. Саусақ ойны.
Бала, бала, балақан,
Кәне жайшы алақан.
Саусақтарын әйбәт.
Былай – былай ойнат.(Балалар саусақ ойынындағы қимылын қайталайды.)
6.Дыбыстық жаттығулар:
Ү-Ү-Ү-ТҮЛКІ.
ҚА-ҚА-ҚА-ҚАСҚЫР.
7.Жабайы аңдар қайда тұрады?
Аю қайда тұрады? (Орманда)
Тиін қайда тұрады? (Орманда)
8. Балалар, мен аңдардың атын қазақша
айтамын,сендер орысша айтып беріңдер. Аю,қасқыр,түлкі,қоян,кірпі,тиін.
(Медведь,волк,лиса,заяц,еж,белка)
9. Педагог балаларға құм арқылы орманның суретін
салуды ұсынады.
Бірінші ауада салады, содан- соң құмда салады.
(сурет салғанда әдемі әуен дыбысы естіліп тұрады.)
(Балалар орманның суретін құмда салады.)
11.Қорытынды.
Балалар сонымен сабағымыз
аяқталды. Бүгін біз сендермен жабайы аңдар туралы өттік.(Балалардың ойлары).
Балаларды мадақтау, марапаттау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.