Қазақ әдебиеті 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың білімділік мақсаты: қазақтың жаны нәзік ақыны, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы
білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік мақсаты: Еліміздің
мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, М.
Жұмабаевтың шығармашылығын үлгі ете отырып, Отансүйгіштікке, сұлулыққа, сөз
өнеріне, сөз өнерінің иелеріне мақтанышпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық, білімділік деңгейін
көтеру, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын байыту, сұраққа жауап беру, ойлау
шеберліктерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, мазмұндау,
сұрақ-жауап,іздендіру
Сабақта қолданылатын құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздер
ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош
келдіңіздер!»- дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл- күй тілеймін.
-Қазір
жылдың қай мезгілі?
-Қыс
айларын атаңдар.
-Қазір
қыстың қай айы?
-Бүгін
желтоқсанның нешесі?
-Балалар, қандай мереке жақындап келеді? Дұрыс
еліміздің Тәуелсіздік алған күнін атап өтеміз. Сондықтан біз бүгінгі
сабағымызды Тәуелсіздік күніне арнаймыз.
Иран-Ғайып
Тәуелсіздік
Өзіңдікі –Елің де, Орыс, ұйғыр, неміс те
Өзіңдікі –Жерің де. Үміт қосып жеңіске.
Өзіңдікін өзің еткен Бақ Жұдырықтай жұмылды
Тәуелсіздік –төріңде! Келешегі кең іске.
Асқар тау да –сенікі, Өзіңдікі –Туың да,
Бақша-бауда –сенікі. От пен ауа, суың да.
Қалтқысыз дос пенен Жаса, Қазақстаным
Қатал жау да сенікі. Белді бекем буын
да!
(Слайд бейнесұрақтар НЕ? Қайда? Қашан?)
1.Біздің Отанымыз қалай аталады?
2.Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?
(Еуразия орталығында)
3.Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, дербес,
егеменді)
4.Қазақстанның Елордасы қандай қала?
5.ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
(Тудың бейнекөрінісі)
.
Серік Қалиевтің өлеңі:
Көк
аспандай көкпеңбек
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол
тектен-тек
Елдің ашық
қабағы.
Ақ ниеті
алтын күн
Асқақ арман
қыраны
Жалауы бұл
халқымның
Мәртебесі,
мақтаны.
(Елтаңбаның бейнекөрінісі)
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы
елімнің
Неткен
әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада
аспан әлемі.
Құт-береке шаңырақ
Орын
алған ол төрден
Қанатты
қос арғымақ
Екі
жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Тала-талай тер тамған.
Билігім
өз қолымда
Еркіндігім әнұран!
Әнұран туралы:
Әнұраным-жан ұраным
Айтар
әнім- сөйлер сөзім.
Туған
жерім сағынарым.
Республикам
әнұраны
Балалар, сендер қандай жерлес ақын-жазушыларды
білесіңдер?
(С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев т.б)
Өте жақсы.
Ал бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы:
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
60 жыл Мағжанның шығармаларын оқуға тиым салынды,
шығармалары өртелді. Мағжан жеке басқа табынудың құрбаны болған ақын. Қазір ол
ақталып, мол мұрасы жарық көрді. Өткен сабақта Мағжан Жұмабаевтың оқулықта
берілген өмірбаянымен таныстыңдар. Шығармаларын кітапханадан оқып, интернет
арқылы ізденіп,танысып келдіңдер.
-М. Жұмабаев кім? (ақын, мұғалім, қоғам
қайраткері, аудармашы, біздің жерлесіміз)
-М. Жұмабаевтың өмірбаяны туралы кім әңгімелеп
береді?
-Қай жерлерде оқып, білім алған?(Қызылжар
қаласында медреседе, Уфа қаласында
«Ғалия» медресесінде, Омбы қаласында мұғалімдер дайындайтын
семинарияда,Мәскеуде Шығыс әдебиеті институтында оқиды)
-Мағжанның алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?
(«Шолпан атты өлеңдер жинағы1912 жылы Қазан
қаласында шығарылды)
-Қоғамдық өмірі туралы не айтасыңдар?
(1920 жылы Қызылжар қаласында «Бостандық туы»
газетінде және аш адамдарға көмек көрсету комитетінде істеді. 1922-1923 жылдары
Ташкентте оқу-ағарту институтында оқытушы болады, әрі сонда шығып тұрған
«Ақжол» газеті мен «Шолпан», «Сана» журналдарына өлең-жырларын бастырып тұрады.
1927-1929 жылдары Бурабайда. Петропавл қаласында оқытушылық қызметтер атқарды.)
-Ақынның қандай дастандарын білесіңдер?
(«Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы»)
-Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
(«Қарағым», «Мен жастарға сенемін», «Сен сұлу»
т.б)
Оқулықтың
57-беттегі «Сен сұлу» өлеңін Қазақстан
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілген аудандық Мағжан оқуында 1
орынды иеленген 9 сынып оқушысы Дик Виктория мәнерлеп оқып береді. Оқуға
қойылатын талаптар:
Өлеңді дауыстап қатесіз оқу.
Мәнерлеп оқу.
-Балалар,бұл
өлең не туралы? (сұлулық)
- Осы өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген? (көктем)
- Ақын өлеңінде нені жырлайды? (көктем айын, орман, найзағай, кең дала ...)
- Осы айтылғандардың бәрі неге және кімге деген
махаббат?
(адамға, табиғатқа деген)
-Аспан, гүл, асқар тау, т.б қай жердің табиғаты
туралы суреттеледі?
(Сасықкөл- өзінің туып-өскен жері)
-Ақын өзінің
махаббат сезімін не арқылы жеткізеді?
(табиғатқа теңеу арқылы)
Ақынның «Сұлу» жырының сыры неде? («Сұлу» сөзінің
қайталануында)
-
Бірақ,
бәрінен де кім сұлу? (Бәрінен де сүйген
жан сұлу)
-
Міне,
балалар,Мағжанның лирик ақын екендігіне көзіміз жетті.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.