Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - ұлт тілі
Сабақтың мақсаты :
а) қазақ тілі
–ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің
мәртебесін аяққа баспай қашанда биік
ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына
әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа
баулу,
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу
құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
ә)
Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы
сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Дүние жүзінде халық
та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс
ететін де (басты белгісі) - оның тілі. Тіл - әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының
кепілі.
Қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі.
Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды
сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген
ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың
өнері, мәдениеті - тілінде.
Қазақ тілі - көркем, сұлу да бай
тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың
өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған
стильдік нормалары бар.
Тілдің сөздік құрамы - өз
халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани
бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи
өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.
Қазақ тілінің қоғам, өнер,
мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін
ашады:
-сөздік қоры бай,
сөйлеуге оралымды;
-тілдегі сөздер
бір-бірімен тіркестіруге, құрастыруға
-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;
-дыбыстар
арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,
тартымды жетуіне қызмет етеді.
Кітаппен жұмыс:
1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу
сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем
құраңдар.
Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет
,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.
Зат атауы |
Жан-жануар құс атауы |
Сын,бейне,түс,қасиет |
Қимыл-қозғалыс |
уақыт |
|
|
|
|
|
Білімді бекіту : Өткен
тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде
шешілмей жүрген проблемалары жөнінде
ойтолғау айтады.
Бағалау : Сабаққа
қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :
2-жаттығу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.