Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік 1) етістіктің түрленуі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру; 2) Етістік.Етістіктің құрамына,тұлғасына қарай топталуы бойынша алған білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік
құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын
қалыптастыру.
Дамытушылық: ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық
жұмыс.
Көрнекіліктері: үлестірмелер,сызбалы кестелер.
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп,кезекші мәліметімен
танысу,сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.
а) Етістік
дегеніміз не?
ә)
Мағынасына,құрамына,тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
б) Етіс дегеніміз
не? Етістіктің түрлері.
в) Есімше
дегеніміз не? Жасалу жолы.
г)
Көсемше.Көсемшенің жұрнақтарын ата.
Етістік қимыл
іс-әрекетті білдіреді де,қашанда оның белгілі бір мерзімде іске асатынын
көрсетеді. Іс-әрекеттің орындалу барысы сөйлеушінің хабарлау кезімен және
сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы
деп аталады.
Етістік – шақ категориясы арқылы
түрленетіндігі жайлы білімімізді толықтыру үшін топ аралық деңгеймен жұмыс
жүргіземіз.
1.Үміткерлер
тобы: орташа оқитындар
122-жаттығу
жұмысын логикалық тұрғыдан қарастырады.
Тапсырма: құстар
қалай сайрайды?
Тізбектеп жазып
шығыңдар.
Үлгі: бұлбұл
сайрайды,қаз қаңқылдайды,...
(тауық,әтеш,үйрек,көркей,құр,күзен,құндыз,көкек,сауысқан,торғай,
бүркіт,аққу,т.б.).
2.Талапкерлер
тобы: жасы оқитындар.
123-жаттығу
жұмысын үлгісі бойынша орындайды.
Қосымша бастапқы
үш сөйлемге морфологиялық,синтаксистік талдаулар жасаттырамын.
3.Дарындар тобы:
өте жақсы оқитындар.
Шығармашылық жұмыспен айналысады.Оларға
мынадай сөз тіркестері беріледі:
Күннің қысқаруы,түннің ұзаруы,Жоңғар
Алатауы,көл,жайылыс,қыстақтағы малшылар,қыстақ,соғым,шуылдаған балалар.
Осы сөз тіркестрін пайдалану арқылы шағын
шығарма жазып шығады.Қосымша дарындар тобындағы алты оқушыға үлестірмелер
таратамын.
- Естай үлкендермен отырып шай ішті.
(сөз құрамы,сөйлем мүшесіне талда)
- Барлығымыз көңілді серуенге шықтық
(асты сызылған сөзді құрамына талда)
- Мен білімге жетікпін.(асты сызылған
сөздің сөйлем мүшесі ретіндегі орны).
- «Бауырыма,ағама,анама,әкеме» сөздерін
құрамына талдап,кез-келген біреуіне сөйлем құра.
- Тәуелдік жалғауының үшінші жағында
тұрған сөзді септе.
- «Басында,қасында,жанында» сөздерін
құрамына қарай талдап,буын түріне ажырат.
Ауыл
келбеті
(Алдымен жазып үлгерген оқушының шығармасын
оқушылар назарына ұсынамын).
Күз айы аяқталып,қыс та келіп
қалды.Әдеттегіден гөрі күн қысқарып,түн
ұзарды.Алыстан
мұнартып көрінетін Жоңғар Алатауы әлдеқашан қарға
бүркенген.Ауылымыздың
батысында орналасқан Алқакөліміздің бетінде де шытқыл
мұздар пайда бола
бастады.Ауыл адамдары малды жайылыстан айырып,жаз дайындаған
азығымен
қоректендіруде.Өйткені күннің қысқаруына
байланысты дала тағысы әредік
бой көрсетіп жүр.
Әсіресе қыстақта отырған малшылар малдарына
қырағылықты күшейтті.Аз күнде елдің
қыстық соғымы да
сойыла бастайды.Туған туыстар бас қосқан жерде балалар шуылдап
ойнайды.
Бекіту. Сабақ барысын өтілген тақырыптарды сұрақ-жауап түрінде қорытындылап,үйге
тапсырма беремін.
Үміткерлерге:
122-жаттығуды көшіріп жып,шақ түріне ажыратып келу.
Талапкерлерге:
123-жаттығудың тапсырмасы.
Дарындарға:
124-жаттығу.
Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.