Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Облыс Шығыс Қазақстан
Қала (аудан)
Семей
Мектеп «№42 жанында
интернаты бар жалпы
орта білім беретін мектеп КММ»
Мұғалімнің
аты – жөні Шыңғысбаева
Бағила Шәкәрімқызы
Р/с |
Сабақтың барысы |
Мазмұны |
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер |
I. |
Жоспарланған нәтиже |
-өткен сабақты
пысықтау; -жер-су аттарын
білдіретін біріккен сөздердің жігінде қатар келген екі дауысты
дыбыстың айтылғандағыдай бірі түсіп қалмай, сақталып:
Қараой (Қарой емес) түрінде; -кісі аттарын
білдіретін біріккен түбірлердің жі- гіндегі екі дауысты дыбыстың бірі
түсіріліп: Жұмәділ (Жұмаәділ емес) болып; -бірқыдыру
біріккен сөздердің уақыт өте келе, түбірлері өзгеріп кеткендіктен, сол
өзгерген қалпында: белбеу (белбау емес) түрінде
жазылатынына машықтандыру жұмыстары; -тіліміздің
керемет бай да көркемдігін, суретті- лігін,
халқымыздың ат қойғыш шеберлігі мен тапқырлығын, ондай сөздерден әсем саз,
әуен есіп тұратынын дәріптеу;
|
|
II. |
Өткенді пысықтау |
Жинақтау
әдісімен тақырыпқа пысықтау жүргізу.
|
|
III. |
Үй тапсырмасындағы шығармашылық жұмыстарын
есепке алу. Барлығы: 50 ұпай |
1. Кісі аты:
Ана тілінен біріккен сөз болатын кі- сі атын
тауып, сол сөйлемді көші- ріп алу. 2. Жер- су аты:
Өз туған жерлері, атамекендері аттарында
кездесетін біріккен сөз- ге сөйлем
құрау. 3. Аң аты:
Дүниетану оқулығынан іздеп жазу. 4. Құс аты:
Кітапханаға бару. 5. Өсімдік аты:
Кітапханаға бару. Бұл жұмыстарды арнайы бетке әзірлеп,
мұғалім тексергеннен соң өз
шығармашылық папкаларына
салады.
|
|
IV. |
Оқушылардың жазу әрекеті |
234- жаттығу.
Тақтаға толық жазады. 237- жаттығу.
Кісі аттарын теріп жазады. 1.Ереже
қорытылып, бірнеше бала қайталайды. 2.Мұғалім
толықтырады.
|
|
V. |
Жаңа ұғым |
Бүгін- бұл күн,
қолғап- қол қап, белбеу-бел бау, биыл- бұл жыл,
қарлығаш- қара ала құс. кәріжілік-
майлы жілік суықторғай-
шөже торғай бозжусан- боз
құнан Шетбұлақ- шет
жер қойбүлдірген-
қой қора
итмұрын- ит тұмсық Біріккен сөзді
айыра алмаған жағдайда, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» қарау
керек.Сөздіктермен жұмыс істеу білімсіздіктің белгісі емес. Ғұлама ғалымдар
да, үлкен жазушылар да сөздіктерге жиі қарап отырады.
|
|
VI. |
Оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру |
1.Кісі аттарына
байланысты ана тілі пәнінен алған сөйлемдерін оқыту / 10 ұпай / 2.Жер-су
аттарына сөйлемдер /10 ұпай /
|
|
VII. |
Сабақты бекіту. Тест. |
Дұрыс жауап 10
ұпай. 1. Біріккен сөз қалай жазылады? А) Сызықша арқылы Ә) Бірігіп Б) Үтір арқылы 2. Екі түбірден жасалып бірге жазылатын сөз А) Қос сөз Ә) Қыстырма сөз Б) Біріккен сөз 3.Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы
дауысты, үнді, ұяң дыбыстарына бітіп, кейінгі түбірдің басындағы қ, к ұяң
болып айтылса қай дыбыс жазылады? А) қ,к Ә) г,ғ Б) қ,ғ 4. Жер- су аттары. Дұрыс жазылғанын таңда. А) Сары өзек Ә) Сарөзек Б) Сарыөзек 5.Кісі аттары. Дұрыс жазылғанын таңда. А) Әбілғасым Ә) Әбілқасым Б) Әбіл қасым |
|
VIII. |
Ақпарат құралдар |
Тірек белгілер,
тест сұрақтары, шығармашылық тапсырмалар, сөздіктерден көрме.
|
|
IX. |
Үйге тапсырма |
Үш түбірден
тұратын біріккен сөздерді сөздіктерден теріп жазу, 235 жаттығу.
|
|
X. |
Сабақты қорыту, ұжымдық бағалау. |
120 ұпай - «5» 110, 100 ұпай-
«4» 90, 80 ұпай- «3» 70 ұпай- «2»
|
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.