Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Септіктер сарайына саяхат
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: оқушылардың септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін
тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың білімін арттырып, сөздік қорын, есте сақтау дағдысын
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, өз бетінше ойланып
жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақтада үлкен сарайдың суреті, түрлі суреттер, түрлі
тапсырмалар, сандықша.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сабақ-саяхат
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, іздендіру, талдау, проблемалық
жағдай.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
Қазақ тілінде, балалар, бір өте жақсы сөз бар. Барлық қазақтар ол сөзді жақсы
көреді. Ол сөз «ҚОНАҚ» - ГОСТЬ.
- Сыныпта кім бар? Сыныпта қонақтар бар.
Бүгінгі қонақтарға, біздің мектеп мұғалімдеріне, біздің сыйлықтарымыз сендердің
сабақта алған «4» пен «5» бағаларың болсын!
Қонақтарды қарсы алайық!
- Қош келдіңіздер!
- Отырыңдар!
2. Қазақша сөйлесейік:
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Сенбі аптаның нешінші күні?
- Ертең қай күн?
- Жексенбі қандай күн?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыста ауа райы қандай?
3.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Бүгінгі қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші. Себебі,
бүгін біз септіктерді қайталаймыз, әр оқушы өз білімінің дережесін көрсетуге
тиіс. Балалар, қайталау сабағы СЕПТІКТЕР САРАЙЫНА САЯХАТ түрінде өтеді.
(тақтада жазулы)
4. Сөздікпен жұмыс:
Саяхат – путешествие
Мұра – наследие
Мұрагер – наследник
Жарлық – указ
Қызмет – должность
Хан – царь
5.
Септік хаты туралы түсінік беру. (тақтада көрсету.)
Жетіген
ауылында Септік деген хан тұрады екен. Оның жеті ұлы бар екен. Барлығы осы
сарайда тұрады. Әр ұлының өз қызметі бар. Септік ханының әр үлына берген мұрасы
бар екен...
Балалар, жеті саны киелі сан. Жеті санына байланысты қандай ұғымдар бар екеніне
тоқталайық.
Число 7 – жеті считается особенным и даже священным у мусульманских народов. С
ней связаны понятия:
Тақтада:
7 қабат жер – 7 слоев земли
7 қат көк – 7 слоев неба (планеты)
7 ғаламат – 7 чудес света
7 қазына – 7 богатств
7 шелпек – 7 лепешек
7 ата – 7 поколений родословной
Сегодня уже многие знают, что количество продуктов, входящих в состав
праздничного блюда Наурыз-көже, готоящегося в честь казахского нового года,
тоже ровно 7.
Тағы көптеген ұғымдар бар. Мысалы, кемпірқосақтың жеті түсі бар, аптада 7 күн,
білімдар кісіні 7 жұрттың тілін біледі дейді, жаңа туған нәрестеге шілдехнаны
7-ші күні жасайды, қайтқан адамның жетісін беру... қазақ тілінде 7 септік, 7
жинақтық сан есімі, 7 ұяң дауыссыз дыбыс, 7 үнді дауыссыз дыбыс...
Септік
хан мынадай жарлықтарын жіберіпті:
(ханның жарлықтарын дұрыс, шапшаң орындаған оқушыға ханның сыйлығы бар екенін
айтамын)
1 жарлығы:
Ұлдарымның атын атап, ретімен қойыңдар.
«Ойна да ойла»
- Балалар, сарайдың ішінде Септік ханның тығулы тұрған бір сандығы бар екен.
Сол сандықты тауып, ішінде не бар екенін көрейік.
Сандықта Кім? Не? Сұрақтарын қай сөздерге қоюға болатыны жайлы суреттер бар.
Сандықты ашып, тапсырманы орындайды.
2 жарлығы:
Ұлдарымның қызметін табыңдар. Сұрақтарын тауып қою.
3 жарлығы:
Ұлдарымның мұраларын атаңдар. Жалғауларын табу.
4 жарлығы:
Тағы 7 ұлыма беретін қосымша мұраларым бар.
а. Септіктерді анықтау (кеспе тақтада)
атау
ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес
1. дәптермен
2. бақта
3. әжеме
4. жігіт
5. құстың
6. суды
7. ағаштан
ә. Жалғаулардың қажетті вариантын жалғау
Неге? Орындық... ( -ға, -қа, -на/ -ге, - ке, -не) отырады.
Нені? Кітап... ( – ны, -ды, -ты/ - ні, -ді, - ті) алды.
Кімнің? Оқушы... ( –ның, - дың, - тың/ -нің, -дің, -тің) дәптері.
Неде? Үй... (-та, -да, -нда/ -те, -де, -нде) отыр.
6.
Сабақты бекіту.
1. Жеке үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
Мұрагерлердің қасиеттерін байқау. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге
септіктердің сұрағын қою. (тақтада.)
Жұмбақтар:
1 Көзіңмен көресің,
Қолыңмен ұстай алмайсың. /көлеңке/
2. Қандай жолмен адам жүрмейді? /құс жолымен/
3. Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/
4. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. /ауа/
2.
Сөзжұмбақты шешу: (тақтада)
ж а т ы С
н Е
П е н
а Т а у
І л і к
К ө м е к т е с
Т а б ы с
н Е н і
б аР ы с
1. 5- септікті жаз
2. Атау септігінің сұрағы
3. Қөмектес септігінің жалғауы
4. 1- септік қандай?
5. 2- септік қалай аталады?
6. Соңғы септік қандай?
7. 4- септік қандай?
8. Табыс септігінің сұрағы
9. 3- септік қандай?
7.
Сабақты қортындылау.
1. Септік ханының неше ұлы бар?
Бастарына септіктердің аты жазылған тәж киген оқушылар бой –бойымен шығады.
2.
Оқушылардың білімін бағалау. Сыйлық беру.
3. Үйге тапсырма: 2 жуан сөз, 2 жіңішке сөз септеу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.