Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлері
Мақсаты: Оқушылар етістіктің түрлері туралы мәліметті ізденеді әрі оларды сөйлем ішінен таба білуге, тест қатесімен жұмысын жасауға бағыттау.
Міндеті: 1. Топтық
жұмыста рөлді дұрыс бөлу.
2.
Тест сұрақтарын қайталау.
3.
Мәтін ішінен сөйлемдерді талдау.
Күтілетін
нәтиже: 1. Оқушылардың сыни
көзқарасы қалыптасады.
2. Тест
нәтижесі арқылы қатемен жұмыс жасайды.
3. Берілген мәтінді дыбыстық, сөз құрамына, сөйлем
мүшесіне талдайды.
Модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, талантты және дарынды
балаларды оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және
көшбасшылық.
Сабақтың
типі: Талдау сабағы
Сабақтың
түрі: Бекіту сабағы
Әдіс-
тәсілдер: "Шағын"
тест, "Аялдама" әдісі, ББҮ(білемін,білгім
келеді,үйрендім), «Соңғы сөзді мен айтамын...» , концептуалдық кесте.
Кезеңі
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру (5 минут) |
1.Тренинг өткізу. Шаттық шеңбері "Жылы лебіз" тілектер айту. 2.Сабақтың мақсаты мен таныстыру. 3.Түрлі түсті мозайкалар арқылы төрт топқа бөлу. |
1.Оқушылар амандасады. 2.Оқушылар шеңбер болып тұрады да, бір-бірлеріне жылы
лебіз, тілектерін айтады. 3.Оқушылар өздеріне ұнаған түрлі түсті мозайкаларды таңдау
арқылы төрт топқа бөлінеді. |
Оқулықтар. " Қазақ тілі" Ш. Бектұров, "Қазіргі қазақ тілі" А. Ысқақов. Түрлі-түсті стикерлер |
Қызығушылықты ояту. (5 мин.) |
Үй тапсырмасын сұрау. "Шағын" тест бойынша үй тапсырмасы сұралады. 25-сұрақтан тұратын тест алынады. Қатемен жұмыс
жүргізіледі. |
Оқушылар
тақырыпты еске түсіре отырып,
"шағын" тестке жауап береді.
Тестке жауап беріп, дәптерлерін бір-біріне ауыстырады. Тесттен
жіберген қатесін тауып тексереді. |
|
Мағынаны тану (20мин.) |
Топтық жұмыстар "Алдама" әдісі 1-топ
"Болымды және болымсыз" етістіктер. 2-топ "Сабақты және салт " етістіктер. 3-топ "Есімше " 4-топ "Көсемше"
Әр топқа тақырыптарына байланысты мәтін таратылып,
тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма. (Болымсыз
етістіктерді мына кестедегідей етіп жасалу жолына қарай бөліп жазыңдар).
2-тапсырма Мәтіннен салт етістікті бір бөлек, сабақты етістікті
бір бөлек көшіріп, олардың неге салт, неге сабақты болу себебін
түсіндіріңдер).
3- тапсырма. (Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын
түсіндіріп, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын ажыратыңдар).
4- тапсырма. (Есімшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын
түсіндіріп, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын ажыратыңдар).
Бағалау критерийлері: 1. "0" мен "3" аралығында "2" балл 2. . "4" мен "7" аралығында "3" балл 3. "8"
мен "15" аралығында
"4" балл 4.
"15" мен "20" аралығында "5" балл
Топ басшыларына бағалау критерийлері таратылады. Мұғалім топтық жұмыстарды формативті бағалайды. |
Оқушылар топқа
бөлінеді. Топтық жұмыс арқылы етістіктің түрлерін, мағынасын, қай
сөйлем мүшесі болатынын мысалдармен дәлел көрсетеді. Топ басшылары "Аялдама" әдісі
арқылы әр топқа түсіндіріп, постер
қорғайды.
Тапсырмамен жұмыс жүргізеді. Оқушылар өздеріне берілген мәтінді оқиды, әр топтан екі оқушы шығып, тақтада
орындайды. Қалғандары орындарында отырып талдайды.
Топ басшылары өздеріне берілген топтық жұмыстарын берілген критерийлері арқылы орындап шығады және бағалау критерийлері арқылы өзара
бағалайды.
|
Мәтін, сурет, қарындаш, маркер, плакат
Түрлі түсті стикерлер, Смайликтер
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.