Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы׃ «Кітаптардың айтысы»
Пәні:
қазақ тілі
|
Мерзімі:
|
Сыныбы: 6 « » |
|
Сабақтың
тақырыбы: |
«Кітаптардың
айтысы» |
||
Жалпы сабақтың мақсаты: |
Әр пәннің қоғамдағы маңызын
ұғындыру,кітап жан азығы екендігін түсіндіріп, онымен дос, сырлас, ақылшы болуға баулу. Сыни
тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, топтық және жұптық жұмыста белсенділік
көрсету қасиеттерін арттыру. Оқушыларды жолдастыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу. |
||
Оқу нәтижелері:
|
Балалар, әр пәннің маңыздылығын
айта отырып,сабақтың тақырыбын ашады. дамыта
отырып топпен жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс
дағдысы, қабілеті артады; -өз ойларын
еркін жеткізе білуге, есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды; |
||
Түйінді идеялар: |
Оқушылар «кітап»
туралы білімдерін шыңдайды. Әр пәннің ерекшелігін, маңызын, бір-
біріне тығыз байланысты екенін түсінеді. |
||
Сабақты ұйымдастыру түрі: |
Тренинг-тәжірибе |
||
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, қар
үйіндісі, бас бармақ, күту ағашы,
бағдаршам, «Шапалақ». |
||
Жұмыс түрлері: |
Ұжымдық,
жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
||
Сабақтың көрнекіліктері: |
Интерактивті
тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, суреттер |
||
І Қызығушылығын ояту кезеңі: Әр пәнді
қызыға оқуға дағдыландыру, |
|||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||
1-әрекет . Сыныптағы
ынтымақтастық атмосферасын құру. Шеңбер құрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Топтық жұмыс жасау үшін, түрлі-түсті
қағаздармен топқа бөлу. Оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды
эмоциялық ахуалын қалыптастыру. |
Оқушылар түрлі-түсті қағаздармен топқа бөлінді.Көңіл -күйін
білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырды.
|
||
2-әрекет. 2 топқа бөлу. |
Оқушылар екі
топқа бөлінеді. |
||
3-әрекет. Балалар, бүгін біз әр пәннің өзіндік
ерекшкліктерін әңгімелей отырып, кітаптардың айтысын тыңдаймыз. |
Әр пәннің
айтысын тыңдай отырып, қай пән болса да адамға ауадай қажет деп жауап беруі
мүмкін. |
||
4-әрекет. Жеке, жұппен, топпен жұмыс. «Қар
үйіндісі» әдісі бойынша сұрақ қойылады -
Саған қандай пән ұнайды? - Ол пәнді не үшін жақсы көресің? |
Әр оқушы жеке
ойланады, жұбымен және топпен талқылайды.
Жариялайды. |
||
ІІ
Мағынаны ажырату кезеңі: |
|||
5-әрекет. Балалар, «кітаптардың
айтысы» тақырыбындағы өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріңдер. |
«Кластер
әдісі» бойынша оқушылар флипчарт бетінде жұмыс істейді, қорғайды.
|
||
6-әрекет. «Қол көтеру» әдісі
арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау. |
Егер
түсінбесе «сол қолын», көмек керек болса «оң қолын», барлығын түсінсе «екі
қолын» көтереді. |
||
7-әрекет. Сергіту. «Шапалақ»
әдісі топтағы қатысушылар 1,2,3 дегенде бәрі бірдей алақандарын үш реттен
шапалақтау керек . Музыкамен жаттығу жасайды. |
Оқушылар
алақандарын бірдей шапалақтағанға дейін жалғасады. |
||
8-әрекет Үй тапсырмасын беру: өзіне қызық пән туралы шағын әңгіме жазу. 3-тапсырма,87
бет. |
Күнделіктеріне
үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды. |
||
ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
|||
9-әрекет. Әр оқушы
өзінің ұнатқан пәні туралы әңгімелеу . |
Жеке жұмыс. Оқушылар өзінің ұнатқан пәні туралы әңгімелеп береді. |
||
10-әрекет. «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін
анықтау. |
|
||
11-әрекет. Мұғалім баға қояды.
|
Өзін-өзі
бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды. |
||
12-әрекет. «Күту ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату.
Стикер тарату. |
Оқушылар
бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын « күту ағашына» стикер арқылы
кері байланыс жасайды. |
||
Мұғалім |
Байқожаева
Ултуған Мұхамырқызы |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.