Қазақ тілі 8 сынып. Сабақтың тақырыбы׃ Бірлік пен ынтымақ елі
Күлбаршын Ахметкалиқызы Нәзбиева
Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы Кешкі орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік
жолындағы ерлік күресімен,қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
Дамытушылық:Топпен жұмыс істеу,өз бетінше білім алып,ойлау
қабілеттерін,өз ойларын дұрыс айта білу дағдыларын дамыту және іскерлікке
үйрету.
Тәрбиелік:Отаншылдық тәрбие беру.
Көрнекілік:Қазақстан Республикасының көрікті
орындары,портреттер,Қазақстан туралы Қ.Аманжоловтың өлеңі.
Қазақстан.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп ,уанғам.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Өзектендіру.
Блиц сұрақтар.
1.Біздің ел қалай аталады?
2.Сенің ұлтың кім?
3.Сенің туып-өскен жерің?
4.Қазақстан қандай мемлекет?
5.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Жаңа сөздер
Ұлт өкілдері-представители национальности
байырғы-коренной
тұлға-личность
қайырымды-благородный,доброжелательный
қонақжай-гостеприимный
ынтымақты-дружно
толеранттылы-толерантный
2.Мәтінмен жұмыс.
а)Мәтінді оқу.
Қазақ елі
-сонау Алтайдан Пиринейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі.Қазақ елі-асқан
батырлығымен,ақыл-парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың,
Үндіні билеген Бабырдың елі.Қазақстанның байырғы халқы-қазақ халқы.Қазақ
халқының тарихы бай,аса ірі тарихи тұлғалары көп.Солардың ең бастысы от
ауызды,орақ тілді, ақылы асып туған билері:Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би
еді.Халық туралы білу үшін, алдымен оның тілін,салтын,тарихын білу керек.
1986 жылы 16
желтоқсанда қанды оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға
шықты.Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова,Ербол
Сыпатаев,Сәбира Мұхамеджанова,Қайрат Рысқұлбековтер секілді ұл-қыздарымыз
елінің болашағы, еркін-дігі,егемендігі үшін қүресті.Сол желтоқсан қанша ызғарлы
естілсе де жанымызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті алып келді.Мінекей,осының
арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Әл-Фараби
былай деген:"Адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп
отыратын халық-қайырымды халық.Егер халықтар бақытқа жету мақсатында бір-біріне
көмектесіп отыратын болса ,бүкіл жержүзі осылайша қайырымды болмақ".
Қазақ халқы
осындай қайырымды халық.Ол әрқашан мейірімді,қонақжай.
Қазақстан көп
ұлтты мемлекет.Онда 130-дан астам ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп,өзара
тату,ынтымақты тұрады.
ә)Сұрақтарға жауап.
-Қазақстанды не себепті ынтымақ елі деп атайды?
-Өйткені мұнда жүз отыздан астам ұлт өкілдері өзара тату
тұрады.
-Қазақстанның байырғы халқы қазақтардың қайырымдылығы осы
татулықтың негізгі көзі емес пе?
-Иә,солай.Қазақ халқы өзге халықтарды
құрметтейді.Сондықтан да мұнда бәрі қазақ халқын сыйлайды,бағалайды.
ІҮ.Топпен жұмыс
Сыныпты төртке
бөлеміз,оқушылар төрт түрлі қағаз қиындысын таңдайды.
1.-үш бұрыш
2.-төрт бұрыш
3.-бес бұрыш
4.-дөңгелек
1 -топ.үш бұрыш
тапсырма
1.Тарихи тұлғаларды жазу
2 -топ.төрт бұрыш
тапсырма
1.Халық каһармандарды тауып кластер толтыру
3 -топ.бес бұрыш
тапсырма
1.Әл-Фарабидің халық туралы сөзін аудару
4-топ.дөңгелек
тапсырма
1.Біздің ел қандай ел?Монолог.
Ү.Ойын "Мың бір мақал"
Ойынның шарты :қазақ ауыз әдебиетінің бір
түрі-мақал-мәтелдердің алғашқы сыңары айтылады,екінші сыңарын табу керек.
1.Туған жердей жер болмас, ...
2.Ынтымақ түбі- ...
3.Ел-елдің бәрі жақсы, ...
4.Бірлік түбі-береке, ...
ҮІ.Рефлексия.Синквейн.
1.Халық
2.Қайырымды,қонақжай
3.Көмектеседі
4.Танымал мемлекет болды
ҮІІ.Қорытын.
1.Ән
"Қазақтай ел қайда?"
2".Қазақстан-кендік аты
Қазақстан-теңдік
аты
Қазақстан-елдік
аты
Қазақстан-жер қанаты" деп қорытындаймыз.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.