Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Білімділік : Сан есімнен алған білімдерін кеңейту, түрлі ойын, талдау, жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, оқушының білімділік, тапқырлық,ізденімпаздыққасиеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,
өз көзқарасын дәлелдей білуге үйрету, ойлау қабілеті мен тіл ерекшелігін дамыту
түсу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ата дәстүрін аялай білуге , халық өсиеттері
мен даналық сөздерінен нәр алуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Әдісі: сұрақ- жауап , талдау, семантикалық карта.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парағы.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сәлем сөзге күн күлімдер көктегі.
Жақсы сөзбен жан жылуы төгілсін,
Амандасып алайықшы, біз, кәне!
II.
Үй тапсырмасын сұрау
Балалар , ауыз
әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіз?
-Ендеше , ауыз
әдебиетіміздің бай мұралары мақал – мәтелдерге , жаңылтпаштарда және
жұмбақтарда да сан есімдер бар екен.
Сан есімі бар мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар,
санамақтар жазып келу.
І топ. Мақал-мәтел
II топ. Жұмбақ
III топ. Санамақ
IV топ. Жаңылтпаш
«Мақсұтым – тіл ұстартып , өнер шашпақ» дегендей, бұл
сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние
есігін ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті
тұрмысымызда, той-думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен
аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала ,Жиырма
бес,Екі жирен,Бір келіншек т.б.)
«Сиқырлы
сандықша»
1)
Қазақ тілінде қанша
әріп бар?
2)
Қазақ тілінде қанша
сөз табы бар?
3)
Қазақ тілінде
жалғаудың қанша түрі бар?
4)
Қазақстан қашан
тәуелсіздік алды?
5)
Қазақстанның
рәміздері қай жылы қабылданды?
6)
Тілдер мерекесін
қай күнін тойлаймыз?
7)
Елбасымыз өзінің
2014 жылғы жолдауын халыққа қашан жолдады?
8)
Сан есім мағынасына
қарай қанша топқа бөлінеді?
Көп нүктенің
орнына тиісті сан есімдерді қойып жазу.
1.
... ауыз сөздің
тобықтай түйіні бар.
2.
... саусақ бірдей
емес.
3.
... ақшаң болғанша,
... досың болсын.
4.
Білекті ... жығады,
білімді ... жығады.
5.
... атасын
білмеген-жетесіз.
6.
... жұрттың тілін
біл, ... түрлі білім біл.
«Ойлы болсаң озып
көр»
I топ сан есімдерді
тауып , қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.
Бала жетіге келгенше
жерден таяқ жейді
Қызға қырық үйден
тыю.
Ержігіттің екі
сөйлегені өлгені
II топ сан
есімдерді топтау жазу
Сексен ,
тоқсандай,он-оннан,алпыс-жетпіс, он бір, елу-алпыс,жетпістей, мыңыншы,
біреу,бес-бестен,екі жүз қырық екі, қырықтан , отыз шақты, бес жүз.
III топ Сан
есімдерді пайдаланып , сөйлем құрау.
Сексен , тоқсандай,
он-оннан,мыңыншы.
IV топ есептік сан есімдерді түрлендіру
Бір, он үш , жеті ,
отыз.
Шығармашылық жұмыс
Сұрақ:
Бұл көріністер
сіздерге таныс па?
Көріністерден нені
байқауға болады?
Тапсырма
Суретке тіл
бітіріңіз. Яғни суретті сөйлетіңіз.
Қызықты сөздер.
Оқушылар үлгідегідей сөздерді өздігінен табады.
Кекіл к+2+л
Сергіту сәті
Көңілді
шумақтар
1.
Піл к3ті
Піл к3ті емес
Тіл к3ті
«Білім мән
дәстүр» сыны ойыны
Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында
1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп , киелі деп есептеген.
Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1.
Жеті атаңды ата (ата
,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
Бекіту
кезеңі
Семантикалық
карта
мысал |
есептік |
реттік |
жинақтық |
болжалдық |
топтау |
бөлшектік |
төртеу |
|
|
|
|
|
|
Он тоғыз |
|
|
|
|
|
|
үш |
|
|
|
|
|
|
бес-бестен |
|
|
|
|
|
|
Жүздеген |
|
|
|
|
|
|
алтыншы |
|
|
|
|
|
|
Үш бүтін жетіден екі |
|
|
|
|
|
|
Үйге
тапсырма I деңгей Сан есімдерді пайдаланып , «Үздік оқушы»
тақырыбында әңгіме құрау.
II деңгей Сан есімдерді пайдаланып , өтірік өлең
құрастыру
III деңгей Сан
есімдерге сөз есеп құрау
Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.