Қазақ тілі 8 сынып. Сабақтың тақырыбы׃ «Табиғат және біз»
Степногорск қаласының
А.Гайдар атындағы
№8 орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Даркенбаева Зәуре Қазбекқызы
Сабақтың мақсаты׃ Білімділік: Оқушылардың білімдерін жан-жақты байқау Өз ойларын еркін айта білуге үйрету. Түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Дамытушылық׃ Оқушылардың ойлау қабілеттерін, Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік׃ Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру,
туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі׃ Жарыс сабақ (топтық)
Сабақтың әдісі: қысқаша баяндау, сұрақ-жауап, ізденіс,аудару, сөйлеу, ізденіс.
«Ой қозғау».«Дөңгелек стол». «Миға шабуыл»
Пәнаралық байланыс׃ география
Көрнекілік׃ Қазақстан картасы,презентация,интерактивтік тақта.
Сабақ барысы׃1.Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин.
Бүгін біз қорытындылауға арналған жарыс сабағын өткіземіз.
1Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.
2. «Миға шабуыл» Блиц-сұрақ. 3 мин.
Презентация
1.Есімше деген не?
2. Есімшенің түрлерін атаңдар?
3. Өткен шақ есімшенің жұрнақтарын атаңдар?
4. Келер шақ есімшенің жұрнақтарын атаңдар?
5. Ауыспалы келер шақ есімшенің
жұрнақтарын атаңдар?
2. Өткенді пысықтау. .(7мин).
Өткенді пысықтау мақсатында « Грамматикалық серуен» атты ойыны бойынша қойылған тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға жауап береді.
«Ой қозғау» 7мин.
«Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға Жер –Ана –ортақ үйіміз туралы сипаттап жазады.
1 топ – Су-тіршілік көзі туралы.
2 топ – Қоршаған орта туралы жазады.
3 топ - Байқоңыр –ғарыш айлағы» туралы.
Слайдтарды пайдаланып,монолог әзірлейді.
Әр топтан 1 оқушы айтып береді.
Презентация: Байқоңыр –ғарыш айлағы»3мин.
Презентация: Су-тіршілік көзі
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.