Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Тарихи орындар». Тест.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындылап, буынның түрлері мен көптік жалғауын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту, өз
бетімен, топпен жұмыс істеуге
дағдыландыру, ауызша және жазбаша тілді
дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге,
мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың
түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар,
тест парақтары, ноутбук, флипчарт
Пәнаралық
байланыс: тарих
Күтілетін
нәтиже: көптік жалғауын
және буынның түрлерін меңгеру, қазақ көне қалалар
туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәлімет
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта мен кезекшімін.
-Сыныпта кім жоқ?
- Сыныпта оқушылар түгел.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қазір қыс
жыл мезгілі.
-Қыс
айларын қандай?
Психологиялық сәт
Сабақ басталмас
бұрын бір-бірімізге жылы жүзбен күлімдей
қарап: "Бәрі де жақсы болады, ісіміз сәтті басталып,
сәтті
аяқталады” деген сенімге кіріп, білгендеріңді сендер де
қаймықпай айтып, сабаққа белсенді қатысуға өздеріңді
қайрап отырыңдар.
- Біз өткен сабақатарда қандай жұмыспен айналыстық
?
- Қазақстан көне қалалар туралы әңгімеледік.
- Көпше түрлері мен буын түрлерімен таныстық
- Дұрыс, бүгінгі сабақта осы тақырыпты жалғастырамыз және
қорытындылаймыз
ІІ. Топқа бөліну: (оқушылар шашылған әріптерді жиналған соң, үш топқа бөлінеді).
I
тобы «Түркістан»
II тобы «Отырар»
III тобы «Тараз»
ІІІ. Жаңа сабақ
1 кезең. «Кім жылдам» ойыны
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсет?
а
10 б 12 в 9
2. Қазақ тілінде
неше әріп бар?
а
45 б 42 в 40
3. Қазақ тілінде
дауысты дыбыстар нешеу?
а. 15 б
12 в 17
4.Дауысты дыбыстар
нешеге бөлінеді?
А
2
б4 в3
5.Қазақ тілінде
неше дауыссыз дыбыстар бар?
а
18 б 20 в 25
6. Дауыссыз
дыбыстар нешеге бөлінеді?
а
2 б.3 қатаң, ұяң,
үнді в 4
7. Қатаң
(глухие) дауыссыздарды көрсет?
а п,ф, с,ш,
к, қ,ц,х б. в, г,ш, б, с,
р, в д,н, а, з, х, э, л,
8. Ұяң (звонкие)
дауыссыздарды көрсет?
а б,м, п, р,
ф,ы, б. б, в,г,ғ,
д,ж,з
в. р,а, ы, е, к,
9. Үнді (сонорные)
дауыссыздарды көрсет?
а
б, о, а, в, ж,р б
т,ф, ч, я, и, м в р, й, л, у,
м, н, ң,
10. Көптік
жалғауларын көрсет?
а -лар, -тар,
-дар б -м, -ым, -
ім в -ның, -нің, -ды, -ді,
11. Бастауыш қандай
сұраққа жауап береді?
а кім ?
не? б не
істеді? в қалай?
12. Қазақ тілінде
неше буын бар?
а
4
б.2 в 3 ашық,
тұйық, бітеу,
13. Ашық буынды
сөзді тап?
а. А-ға, ба-ла,
а-па б. көк-тем,
жа-у, в көз, ар-ба,
ас-тық
14. Тұйық буынды
сөзді көрсет?
а. Көк,
жер, б. от, арба, астық
в апа, тау, мектеп,сынып
15.Бітеу буынды
сөзді көрсет?
а. қант, мектеп,
жастық, көз б.апа, әже,
әке. в. жаз, күн, ата,
2 кезең. Грамматикалық тапсырма
«Сиқырлы көпір». Буындарға
байланысты ойын.
( Сөздерді көпір іспеттес жайып тастаймыз. Буын
түрлерімен көлден өту қажет. Буын түрлерін анықта.
3 кезең.
Оқушылар өз топтарының атауы бойынша флипчат
қорғайды (әр топ сұрақтарды бір-біріне қояды).
Музыкалық сергіту сәті: «Мен қазақпын» биі
4 кезең.
Жаттығу жұмысы. Көп нүктенін орнына
тиісті жалғау жалғап жаз, (оқушыларға топ бойынша алдарына парақта
жазылған жаттығу жұмысы таратылады. Оқушылар жұмысты топпен бірлесіп
орындайды).
5 кезең.
Шығармашылық тапсырма: оқушылар өз
топтарының атауы бойынша мәтін құрайды немесе өлең жолын жазады.
6 кезең.
5 жолды өлең
1. Түркістан.Отырар.Тараз Зат есім
/1 сөз/
2. Ежелгі, қасиетті Сын есім /2 сөз/
3.Таң қалдық , көрдік, барамыз. Етістік /3 сөз/
4. Қазақстанда көне қалалар көп. Сөйлем
/4 сөз/
5. Тарих Мағыналы /1 сөз/
ІV. Бекіту бөлімі
Критерийлер
1. Мәнерлеп оқу;
2. Түсінгенін
айта білу;
3. Сауатты
жазу;
4. Бір-бірін
тыңдау;
5. Белсенді
болу;
6. Уақытты
бағалау;
7. Тәртіп
бұзбау.
Рефлексия: "Даналық ағашы"
Оқушыларға жапырақтар таратылады. Бүгінгі өткен сабақта ұнаған тапсырмасы
немесе сабақтың ұнағаны немесе сабақтың ұнамағаны туралы жазып даналық ағашына
жапсырады
V. Үйге тапсырма
Өткенді
қайталау.
VІ. Бағалау бөлімі
Критерийлер бойынша өзара бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.