Қазақ тілі 9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Сабақтың мақсаты: «Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен
сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс құрастыра отырып, көмекші есімдерден өткенді
қайталау, шапшаңдық пен нақтылыққа жетелеу, алған білімдерін өмірде қолдана
білуге үйрету.
Міндеттері: 1. Музыкалық аспаптарға байланысты сөздермен сөз
тіркестерін, сөйлемдер құрастыра отырып, алған білімдерін нақтылау;
2. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз
ойын айтып, қорғай білуге үйрету, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ
қорытынды шығаруға дағдыландыру.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ.
Әдіс-тәсілдер: «Семантикалық карта», «Бірін-бірі үйрету», «Дұрыс-бұрыс»
ойыны.
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті
тақта, маркер, А1 форматты қағаз.
Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима
қағаздар, видеоролик
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих
Күтілетін нәтиже: Тапсырмалар мен
жаттығуларды дұрыс орындайды, тақырыпқа байланысты сөздермен сөйлемдер құрайды,
сөйлем ішіндегі сөздер және қосымшаларға талдау жасайды, көмекші есімдерді қайталайды,
ізденімпаздық қасиеттері дамып, алған білімді күнделікті қарым-қатынаста
қолданады.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) «Қар
көшкіні» тренингі.
Оқушылар шеңбер құрайды. Оқушылар
шеңбер құрайды. Әрбір оқушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын
бір сын есім қосады. Мысалы: гүлдей Гүлзина, т.с.с.
б) оқушыларды топқа бөлу.
Суреттер бойынша топқа бөлінеді
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Сөйлем
құрау және сөздердің қосымшаларын ажырату.
ІІІ Өткен сабақты пысықтау.
Суреттер бойынша қазақтың ұдттық ойындары туралы
әңгімелеу.
ІҮ Жаңа сабаққа кірігу.
Ү Сөздік
жұмысы.
ұлы
мұра –
шертпелі
аспап –
ыспалы
аспап–
үрмелі
аспап–
ұрмалы-сілкімелі
аспап–
ұлттық
болмыс –
тылсым
сыр –
таңғажайып
аспап –
ҮІ Жаңа сабақ. «Бірін-бірі үйрету» тәсілі.
1. Мәтінді тыңдау.
2. Мәтінмен жұмыс.
І топ. Мәтінді оқып, талқылап, постерге түсіру,
тақтада қорғау.
ІІ топ. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау.
ІІІ топ. Мәтін ішінен көмекші есімдерді табыңдар.
ҮІІ
Жаттығу жұмысы.
5-тапсырма. Бос орындарға керекті сөздерді
қойып жаз, септік жалғауларын тап.
1. Бізді әлемге
әйгілейтін ............................ , қылқобызымыз, сыбызғымыз бар.
2. .................. – жатқан үлкен дүние,
үлкен ғылым.
3. Біз оны әлі
................... алмай келеміз.
ҮІІІ Сабақты бекіту.
Сөздер |
Шертпелі аспаптар |
Ыспалы аспаптар |
Үрмелі аспаптар |
Ұрмалы-сілкімелі аспаптар |
Домбыра |
||||
Қобыз |
||||
Жетіген |
||||
Сыбызғы |
||||
Дабыл |
||||
Қылқобыз |
||||
Адырна |
ІХ Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма беру
4-тапсырма. 88-бет
Аңызды оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Х
Бағалау.
Фишкалар арқылы бағалау.
Мадақтау.
ХІ Кері
байланыс.
Екі жұлдыз, бір тілек.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.