Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Шашу. Көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: жалғауларды ажыратуға және дұрыс жалғай білуге үйрету. Қазақ халқының салт – дәстүрін басқа ұлттар арасында кеңінен дәріптеу.
2. Дамытушылық: жалғауларды практикалық жолмен пысықтау. Сөйлеу тілін, танымдық ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін қадірлей білуге, ардақтауға құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, аударма.
Сабақтың типі: білімді бекіту, жүйелеу сабағы
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, салт-дәстүрлер бейнеленген суреттер, нақыл сөз.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, өзін-өзі тану, әдеп
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Амандасу. Назарларын сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеру.
Негізгі кезең:
• Қазақ халқының қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер?
• Шілдехана тойында қандай тілектер айтылады?
• Тұсау кесерде айтылатын батаны кім айтып береді?
- Енді, балалар, тақтадағы суретке назар салып көріңдерші. Не көріп тұрсыңдар? Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп жатыр?
- Балалар, қазір сендерге мәтінмен жұмыс істеу керек болады, бұл жұмысты бастамас бұрын мына тақтадағы жаңа сөздерге назар аударайықшы.
Жаңа сөздермен жұмыс
Білдіреді – выражает
Ырым – поверье
Табақ – блюдце
Шашады – разбрасывает
Жақсылық – добро
Теріп алады – собирают
Тілек - пожелание
Сөз тіркестерін аудар:
• Хорошее поверье
• красивое блюдце
• разбрасывает тенге
• дети собирают
• приносит добро
• прекрасное пожелание
Шашу
Шашу – қуанышты білдіретін ырым. Тойда әжелер үлкен табаққа ірімшік, құрт, теңге салады. Оларды адамдарға шашады. Осылай жақсылық тілегенін білдіреді. Тойдағы үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.
Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді орыс тіліне аудар.
2. Мәтіндегі көптік жалғауы бар сөздерді ата.
3. "Салады”, «шашады» етістіктерін жікте.
4. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер
- Шашу қандай ырым?
- Әжелер табаққа не салады?
- Шашуды кімдер теріп алады?
Дұрыс және бұрыс сөздерді белгіле.
СӨЙЛЕМДЕР
ДҰРЫС
БҰРЫС
1. Шашу – қуанышты білдіретін ырым.
+
2. Тойда қонақтар үлкен табаққа ірімшік, құрт, кәмпит, теңге салады.
+
3. Оларды адамдарға шашады.
+
4. Тойдағы шашуды ешкім теріп алмайды.
+
Оқулықпен жұмыс
3 – жаттығу
Жуан және жіңішке сөздерді екі бағанға бөліп жаз.
Жуан айтылатын сөздер
Жіңішке айтылатын сөздер
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.