Қазақ тілі 9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Модульді қайталау.
24.11.2014
6909
1040
Оспанова Гульмира Болатовна
Сабақтың мақсаты:
1 Отбасы модулін қаншалықты меңгергендерін тест жұмысы арқылы тескеру.
2 Оқушылардың сөйлеу әрекетін . қазақша ойлауын, сауатты жазуға дағдыландыру.
3 оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын артырып, үлкенді сыйлауға баулу.
Оқыту әдістері: тест сауалдары
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі:бағалау парағы, кеспелер.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Түгендеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.
«Бала тәрбиесіндегі қағидалар.» мәтінін мазмұндау.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1. Бос орынға керекті сөзді қойыңдар. Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген... .
А) өнеге
Б) тәрбие
В) үлгі
Д) ақыл
2. «Артыңа сөз қалдырды» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы.
А) сөз сөйледі
Б) айқайлады
В) өнегелі сөз
Д) кітабын беріп кетті.
3. Ой, бәрекелді! Атасының аузынан түсе қалғандай ұқсауын өзінің! – деп іліп ала жөнелді. Сөйлемдегі тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?
А) атасының сөзін сөйлеген.
Б) атасын ренжіткен
В) тәрбие алған
Д) айнымай ұқсаған.
4.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Жауынмен жер көгерер, ... ел көгерер».
А) сөзбен
Б) батамен
В) ерлермен
Д) алғыспен.
5. Қай кезде берілетін батада айтылады?
Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсың басыңа!
А) жас шаңырақ
Б) дастарқан
В) дүниеге сәби келгенде
Д) ер азаматқа
6.Әлкейдің әкесі неге қуанды?
А) алғыс алғанана
Б) сөз тапқанға
В) айтқанын істегенде
Д) кітап оқығанда.
7. «Бамның қарымын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып». Мысалдағы «қарымын сынау» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңдар.
А) ойлау қабілетін тексеру
Б)сөзін сынау
В) күш- қуатын, ақылын байқау.
Д) өз көзімен көру.
8. «Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер!» Қарамен жазылған сөзде қандай ықпал бар?
А) ілгерінді ықпал
Б)тоғыспалы ықпал
В) үндестік
Д) кейінгі ықпал
9. «Еңбек етсең ерінбей, ...». Мақалдың жалғасын табыңдар.
А) тояды қарның тіленбей
Б) татқаның тәтті болар
В) ұйқың тыныш болар
Д) асың сінімді болады.
10. Ұрапақ деген кім?
А) әке, ана
Б) ата, әже
В) бала
Д) туыстар
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. «Балам, білім ізде!» мәтінін негізге ала отырып, білімнің қандай пайдасы барын әңгімелеңдер.
2. «Сен ғалымға ...» деген Ш.Құдайбердіұлының өлеңін жаттар алыңдар.
3. Кейінгі ықпал кезінде сөзде қандай өзгерістер болады?
4. «Атыңа ауыр жүк артпа, Анаңа ауыр сөз айтпа» деген мақалдың мағынасын ашып беріңдер.
5. Адамға жақсы сөз бен жаман сөз қалай әсер етеді?
6. «Бақытты отбасы» атты шағын шығарма жазыңдар.
Өзіңнің отбасың туралы мысалдар келтіріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Бағалау: Оқушылардың сабақта қатысқандарына байланысты бағалау
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.