Қазақ тілі 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу
әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың
мақсатын барысын түсіндіру.
1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.
2. Оқушылардың тілдесім
әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті
сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.
3. Оқушылардың қисынды
ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату
арқылы айтылым әрекетін шыңдау.
4. 4-тапсырмадағы
сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз
атасы туралы айтып беруін талап ету.
5. Әдептілік сауаттылығын
бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға
қайталату.
6. Грамматикалық
тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені
оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма. 10 сөз
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.