Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Ең үлкен» 4 сынып
11.11.2014
5477
0
Аубакирова Мадина Махмутовна
І. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кит туралы мағлұмат беру, сандарды меңгертуді жалғастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, суретпен жұмыс арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Судың тіршілік көзі екендігін айтып түсіндіру. Су жануарларына судың таза болғаны пайдалы екендігін түсіндіру, оны ластамауға үйрету.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Балалар 1 жылда неше жыл мезгілі бар? /атап өту/. Ал бүгін қандай жыл мезгіл? /қыс/
-Жақсы. Балалар 1 аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қандай күні? /бейсенбі/.
-Балалар сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
-Өте жақсы.
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, сондықтан да барлық білімдерімізді көрсетейік.
Үй тапсырмасын тексеру - 3 тапсырма 102 бет
1. Ең ірі жануар не? көк кит жуан және жіңішке сөздерді анықтап жазу,
2. Ең ауыр салмақты жануар не? піл буынға бөлу
3. Ең биік қай жануар? керік
4. Ең жүйрік қандай аң? гепард
5. Ең үлкен қандай құс? түйеқұс
6. Ең ірі қоңыз қандай? дровосек
7. Ең кішкентай құс қандай? колибри
ІІ Мағынаны ажырату:
1. Көрнекілік арқылы болжау стратегиясы
Балалар тақтаға қарайықшы, қандай сурет көріп тұрмыз? / интерактивті тақтадан суретті көрсету /
Дұрыс, балалар сіздер білесіздер ме су – тіршілік көзі. Өйткені суда да тіршілік бар.Сондықтан суды ластамау керек.
Қалай ойлайсыңдар суда нелер тіршілік етеді? / ұсақ балықтар, акулалар, дельфиндер, киттер, су жәндіктері/. Балалар суда тіршілік ететің жануарлардың ең үлкені қайсысы? Дұрыс, көк кит. Сонымен біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екен?
2 . Сөздікпен жұмыс: Салмағы – вес
Ұзындығы – длина
3. Жаңа сөздерге сөз тіркесін немесе сөйлем құрау - киттің салмағы, баласының ұзындығы, салмағы ірі, киттің ұзындығы /балаларға керекті сөздері бар құрақ тарату/.
4. Мәтінмен жұмыс /түсініп оқу және аудару/:
Ең үлкен
Жануарлардың ең үлкені – көк кит. Көк киттің ұзындығы – 33 метр, салмағы – 150 тонна. Көк киттің жүрегінің салмағы – 700 кг, тілінің салмағы – 2 тонна. Киттің баласының ұзындығы – 8 метр, салмағы – 6 тонна.
. Интерактивті тақтамен жұмыс. /оқушылар мәтіннен берілген сұраққа жауапты кояды/
8 метр 700 кг 33 метр
150 тонна
Кит баласы
6 тонна 2 тонна
5. Жақсы, сонымен осы сандар арқылы берілген суреттерге жауабын іздестірейік.
/ №1,2,3,4 суреттермен жұмыс/.
6. Дәптермен жұмыс:
Ең ірі жануарлар: көк кит, піл, зіл т.б.
Ең кіші жануарлар: тышқан, егеуқұйрық т.б.
ІІІ. Рефлексия – Ой толғаныс:
Жұмбақты оқып, жауабын шешу /суретті көрсету/
Терісі бар, жүні жоқ.
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды. /жүзу қанаттары-плавники/
Су астында қыстайды.
/балық/
V. Үйге тапсырма беру 4 тапсырма.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.