Қазақ тілі 4 сынып. Тақырып: Түркістан қаласы
Мақсаттары:
- Дауыссыз дыбыстарды қайталау.
Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.
- Сөздік қорларын байыту, ауызекі
сөйлеу қабілеттерін арттыру.
- Өз еліміздің тарихын біліп, оны
құрметтеуге баулу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат
жасау
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер, интерактивтік
тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі |
Амандасу Кезекшімен сұхбаттасу |
Амандасу Кезекшінің жауабы |
Фонетикалық жаттығу |
Үш топқа
фонетикалық тапсырма. (үш минут) |
Әр топ берілген
жаңылтпаштарды хормен айттып береді.
Тыраулап көп тұрма
Құс ұшты, құс ұшты
Сегіз серке тең келеді. |
Мотивация |
Тақтада
Кесененің суреті тұрады - Балалар
тақтаға қараңдаршы, суретте не бейнеленген? - Ал сендер
білесіңдер ме? Бұл мавзолей қай қалада орналасқан? - Дұрыс, ендеше
бүгін сабақта біз Түркістан қаласы атты тақырып өтеміз. Сендер бұл қала
туралы не білгілерің келеді? Қандай сөздер үйренгілерің келеді? Сабақта не
істейміз? Жақсы, тағы
бүгін сабақта дауыссыз дыбыстарды қайталаймыз. |
Балалар
суреттегі кесенені тауып айту керек - Мечеть,
мавзолей - Түркістан
Жаңа сөздерді
оқимыз, жаттаймыз, жазамыз, сөйлем құрамыз, сұрақтарға жауап береміз,
аударамыз, жаттығу орындамыз. |
Жаңа сабақ |
Жаңа сөздермен жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. Оқылым (осы жерде
жауап дұрыс бергенге бағалау)
Мәтінмен жұмыс. Топтық
жұмыс. Деңгейлі тапсырмалар. Оқылым, Айтылым, Сөйлесім. (жауаптарын
бағалау)
- Балалар қазір
біз сендермен Түркістан қаласына саяхат жасаймыз. Алдын ала оқушылар
дайындалып келеді ( Гид, жүргізуші, қала тұрғыны қария ақсақал) Тақтада
оқушыларға Түркістан қаласы туралы слайдтер көрсетіліп отырылады
- Жақсы рахмет.
Балалар сендерге Түркістан қаласы ұнады ма? Бұл қалада не бар екен? Ол қандай
жер екен? Ал енді біздің тақырып Осы сөзде қандай дыбыстар бар? Дауыссыз
дыбыстарды айтыңдар. Балалар қазақ
тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? Олар қандай болады?
- Қазір сендер
келесі жаттығу орындайсыңдар. Кітапта 45 бете 2 жаттығу орындау керек. Қай топ тез орындайды және дұрыс жауап береді? |
Мұғалім
тыңдайды, сөздіктен сөздердің аудармасын табады, хормен қайталап оқиды, сөз
тіркестерді, сөйлем құрады, дәптерге көшіреді. 1 топ Мәтін
мәнерлеп оқиды, орысшаға аударады. 2 топ Мәтін
бойынша сұрақтарға жауап береді. 3 топ Мәтінді
әңгімелеп береді.
Жүргізуші: Ал балалар автобусқа жайғасып отырыңдар. Гид
апаларыңды тыңдаңдар. Гид:
Саяхатымызды бастайық. Түркістан - өте көне қала. Оған 1500 жыл болды. Ежелгі
аттар Шабғар, Йасы. Қожа Ахмет
Йасауи кесенесіне жақындадық. Автобустан түсіп осы ғимарат тамашалайық. Қария: Сәлеметсіңдер ме балалар! Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ата! Қария: Қайдан боласыңдар? Оқушылар: Біз Павлодардан келдік. Бұл кесене қашан
салынған? Қария: Бұл кесене он бесінші ғасырда салынған. Кесенені көріп ата- бабаларының
рухына тағзым етіңдер. Оқушылар: Рахмет, ата сау болыңыз! Гид: Бұл өте үлкен кесене. Мұнда кітапхана, ас бөлмесі, тағы басқа бөлмелер
бар. Бұл кесенені шебер адамдар тұрғызған. Түркістан «Екінші Мекке» деп
аталады.
Түркістан Дауысты, дауыссыз дыбыстар бар. Сөздегі
дауыссыз дыбыстарды айтып береді. Қазақ тілінде
25 дауыссыз дыбыс бар. Олар қатаң, ұяң, үнді дыбыстар. 1 топ Осы
сөздер ішінен қатаң дауыссыз дыбысы бар сөздер тауып жазасыңдар. 2 топ Осы сөздер
ішінен ұяң дауыссыз дыбысы бар сөздер тауып жазасыңдар. 3 топ Осы
сөздер ішінен үнді дауыссыз дыбысы бар сөздер тауып жазасыңдар. |
Қорытыңды |
Балалар бүгін
сабақта біз қандай қаламен таныстық? Ол қала қай жерде орналасқан? Бұл қалада
не бар? Қожа Ахмет Йасауи кім болады? |
Түркістан
қаласы. Қала Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында орналасқан. Түркістан
қаласында Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар. Қожа Ахмет Йасауи белгілі түрік
ғалымы. |
Бағалау |
Сабақта
тапсырма орындадыңдар, соған фишка алып отырыңдар кім айтады неше фишка
жинады? Үйге тапсырма:
46 беттегі 3 жаттығу орындап келу, жаңа сөздерді жаттап келу. Қатысқандарыңа
рахмет! |
|
Өткізген қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Бейсембаева Аян
Сейтмуханбетовна
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.