так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстылар

Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстылар


                                   Жамбыл облысы Қордай ауданы Абай атындағы № 3 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Болатбек Динара Болатбекқызы (асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады, оқушылар осы бос орындарды толтыруға тиіс)

Тапсырмаларға қойылатын талаптар

(критерийлер)

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта

а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;

б) «Көпір» тапсырмалары тексеріледі

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгертуге негіз болатын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беру. Бос орындарға қажетті сөздерді қою.

Ашық және қысаң дауыстылар ненің қатысына қарай бөлінеді?

Ж: жақтың қатысына қарай бөлінеді.

 

Ашық дауыстылар қалай айтылады?

Ж: жақтың кең ашылуы арқылы айтылады.

Ашық және қысаң дауыстылар ненің қатысына қарай бөлінеді?

Ж: жақтың қатысына қарай бөлінеді.

Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Ж: тілдің қатысына қарай дауыстылар жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Сөздерге дыбыстық талдау жүргізу.

 

ІІ кезең (топтық жұмыс): жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек.

Бос орынға қажетті сөздерді қой.

Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.

Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.

Еріндік дауыстылар:о,ө,у,ұ,ү

Езулік дауыстылар: а,ә,е,э,ы,і,и.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? Неліктен? Себебі?не үшін? Сұрақтары дәлелді, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.

Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?

о,ө,у,ұ,ү

Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.

Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?

а,ә,е,э,ы,і,и.

Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда езу кейін қарай тартылады.

 

 

 

3-қадам:теорияны «Талдау» үшін

Салыстыр.

Айырмашылығы неде?

Ұқсастығы неде?

Мысалдар келтір

Берілген дауысты дыбыстарды салыстыр, айырмашылығын тап.

 

О дауысты дыбысы

Ортақ белгілері

Ә дауысты дыбысы

Мысалы: орақ, от, жол т.б.

 

Мысалы: әтеш, әке, әже т.б.

Ерін дөңгеленіп алға қарай созылады

Дыбыс, әріп. Дауысты дыбыс.

Езу кейін қарай тартылады.

 

 

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.