так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Көктем өрнегі

Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Көктем өрнегі


Абдрахманова Гаухар Сейтхановна

Ақмола облысы, Степногорск қ. № 2 орта мектеп

  

Сабақтың мақсаты: Сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Оқушылар қоршаған орта қадірін түсіне отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорын байытады.

Сабақтың міндеттері: 1. Балалардың көктем туралы ұғымын жетілдіру, сөйлем, әңгіме құру шеберліктерін жетілдіре беру. Сурет бойынша әңгіме құрып айтуға, қорғауға үйрету. Ойын арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін, монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіре түсу, сөздік қорларын молайту.

3. Оқушыларды табиғаттың әсем көріністерін қызықтай білуге, оны өз денсаулығын шындауға пайдалана білуге, табиғат байлығын білуге тәрбиелеу.

           Сабақтың барысы:

         І. Ұйымдастыру кезеңі.

         ІІ. Жаңа тақырып.

Сабақ мынадай өлеңмен басталады.

  

Ерте кезде белгісіз

Жыл деген бір шал екен.

Бір мыңға бергісіз - 

Төрт баласы бар екен.

Төрт баласы кезекпен:

Күз, қыс, көктем, жаз.

Сүйсіңдіріп халықты

Әкелерін мәз еткен.

Немересі төрт ұлдан –

12 екен тараған.

Шеттерінен бәрі де

Жастай іске жараған.

Қамын ойлап кәрінің,

Кезекпен кеп тұрыпты.

Отасында бәрінің

Шал салтанат құрыпты.

 

         Сұрақтар:

Бұл өлең не туралы?

Қандай жыл мезгілдері?

 

        Құстардың дауысы естіледі.



   

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.