Қазақ тілі 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қасиетті домбыра. Салалас құрмалас сөйлем,қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақ халқының арасында кең тараған
аспабы туралы мәлімет беру және салалас
құрмалас сөйлемді қайтап еске түсіре отыра білімдерін арттыру..
Дамытушылық:Ой-өрістерін,ауызекі сөйлеу дағдысын
жетілдіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Домбыра қазақ үшін көне асыл зат
болғанын оқушыларға жеткізу және оны қадір тұтуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру аралас
сабақ.
Сабақтың формасы: жеке-жеке,топпен.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру
және интерактивті тақтаны қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Жаңа сөздер, ақпаратты
технология
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу. Оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
-Қазақастан республикасының рәміздер күні қашан?
-Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
-Қазақ тілі
қандай тіл?
-Біздің ауданымызда қандай өзгерістер болып жатыр?
-Нелер ашылды?
-Қандай жаңа мереке аталып өтті?
-Біздің орталықта не ашылды?
2.Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген тапсырмасын
тексеру.
Үйге берілген тапсырма- екі сөйлемге толық талдау
жасау.
1.Бата тұрмыстағы
әртүрлі оқиғаларға байланысты айтылады.
2.Әкем бөлмесіне
кірді де, газет оқуға кірісті.
3.Жаңа сабақ:Дәптерлерімізді ашып ,бүгінгі күнді жазып
алайық.
Ал оқушылар сабағымызды бастамас бұрын сіздерге
жақсы көңіл күй тілеймін.
Жаңа сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы
ашайық.
1 2 |
Д |
и |
н |
а |
3 |
||||
О |
т |
а |
н |
||||||
р |
ә |
М |
і |
з |
|
||||
|
|
Б |
о |
к |
с |
ш |
ы |
4 |
|
ұ |
л |
Ы |
5 |
||||||
6 |
п |
Р |
е |
з |
и |
д |
е |
н |
т |
7 |
А |
с |
т |
а |
н |
а |
|
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.Құрманғазы домбырасын кімге сыйлады? (Дина)
2.Атамекен сөзінің синонимі- (Отан)
3.4 маусымда қандай мереке тойланады? (Рәміздер)
4.Жақсылық Үшкемпіров кім? (Боксшы)
5.Абай Құнанбаев қандай ақын? (Ұлы)
6. 1 желтоқсанда қандай мереке аталып өтті?
(президент)
7.Жас қала? (Астана)
Міне оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай
болды? Иә, Домбыра.
Сабақтың мақсаттары:слайд
4.Дәптермен жұмыс: Дәптерлерімізге сабақтың
тақырыбы Домбыра және грамматикалық тақырыбымыз салалас құрмалас сөйлемді
қайталау.
5.Грамматиканы қайталау:Алдымен салалас құрмалас сөйлемді қайталап алайық.
Слайд.
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз –сөйлем
мағыналары тең жай сөйлемнен құралады.Және шылаулар көмегімен байланысады
.Мыс:және, да, де т.б.Сонымен қатар шылауларсыз, тек интонация көмегімен де
байланысады.
Салалас құрмалас жалғаулықты және
жалғаулықсыз болып бөлінеді.
Салалас құрмалас
түрлері.
1.Ыңғайлас- және ,әрі, да,де,та,те.
2.Қарсылықты- алайда, дегенмен, бірақ, сонда да.
3.Талғаулы – не, немесе, әлде, я болмас, әйтсе.
4.себеп салдар-себебі, өйткені, сондықтан.
5.Кезектес- бірде, кейде, біресе т.б.
6.Іліктес- сонша, соншама, сондай т.б.
Ал оқушылар
салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не болды?
Қандай түрлері
болады екен?
Енді жаңа
сабағымыздың тақырыбына көшейік.
6.Мұғ кіріспесі:Домбыра –қазақ халқының арасында кең тараған аспап
түрі. Домбыраның түрлері көп.Домбыра ата-бабамыздан қалған мұра.Оны қазақ
әрқашан құрметтеп, қымбат зат ретінде сақтаған.
7.Жаңа сөздермен танысып шығайық.Дәптерлерімізге
жаңа сөздерді жазып аламыз.
Қос ішекті- двухструнный
Тиек-деревянная подставка под струны
Қарағай- сосна
Аймақ-територия
Самырсын-кедр
А. Аударамыз
Б.тән дыбыстарын табу.
В.сөйлем құрастырамыз. Жақсы сөйлемді тақтаға
жазамыз.
8.Осы жаңа сөздерді қолдана отыра мәтінді
аударамыз.
Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқушылар тізбектеп
оқиды,аударады.
Мәтін-«Қасиетті домбыра»
Қазақ халқының ең кең тараған аспабы және қос
ішекті аспабы-домбыра. Қазақ өзінің тарихын , өмірін ,сезімін домбыра арқылы жеткізген. Домбыраның шанақ,
мойын, тиек, ішек бөліктері болады. Домбыраны қарағай, шырша, самырсын ағаштан
жасайды. Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған.Домбыраны әрбір
қазақ тарта біледі. Домбырамен күй тартуға ,не әнді сүйемелдеуге болады.
Домбыра –әрбір қазақ үйінің қымбатты заты. Домбыра
екі түрге бөлінеді:Батыстық және шығыстық.
Ең бірінші домбырашылар ансамбілі
1934 жылы құрылған. Домбыра ата-бабамыздан қалған мұра.
1.Аударамыз.
2.Сұрақ-жауап құрастырамыз.
3.жалғаулықты салаласты тауып мәтіннен шығарамыз.
9.слайд-домбыра түрлері.
Тестілеу кітапшасынан
салалас құрмалас сөйлемді тауып,жауабын айту.Үш топқа үш түрлі
нұсқау беріледі.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.