Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Туған тілім қазынам, алтын кенім»
Астана қаласы
№20 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәні
Аширалиева Пернегүл
Қаржаубайқызы
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: ана тілін сүюге,
құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, ізденімпаздыққа
баулу;
Тәрбиелік: оқулық пен қосымша
материалдар деректерін пайдаланып, танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Асылхан: Қазақ тілі –
Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі. Ел президенті Н.Назарбаев өз
жолдауында «Ұлттық тіл – қазақтың рухани мәдени
байлығы, баға жетпес құндылығы». Тіл ұлттық болашаққа жеткізетін
құрал. Оны біздер қастерлеуіміз керек.
Хеда:
Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан
халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді
осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс алсын. Барынша ұлғайту біздің
міндетіміз. Барша Қазақстандықтар осыған үлес қосуы тиіс. Олай болса, құрметті
қонақтар, ұстаздар және оқушылар! «Туған тілім қазынам,
алтын кеңім» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.
Хор:
«Ана тілін сүйеміз» Орындайтын оқушылар
тобы.
Марал:
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығынды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емеспе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Дінислам:
Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің,
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Ән орындайтын: Меруерт пен
Айзада «Асыл ана»
Ортаға: Тіл туралы тақпақтары мен оқушыларды
шақырамыз:
Марина
Роман
Ардақ
Болат:
Тіл арқылы айтылады жан сырын,
Тіл арқылы ашылады сан қырың
Сондықтанда тіліміздің тағдыры,
Бола алады, сенінде өмір – тағдырың.
Нурия:
Тіл керек қой түскенде де додаға,
Неше тіл бар,туған тілден садаға!
Өз тілінде сөйлемейтін қазақтар,
Қазақ деген атқа тіпті жолама.
Асылхан: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»көркем
сөз оқитын: Хакимова Света
Хеда: Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы.
Оқитын: Салтанат,Саяжан, Нұрай
Асылхан: Би тобының орындауында:
Қазақ биі «Қамажай»
Хеда: Ән орындайтын: Әйгерім,
Марал, Александра
Асылхан
: Фараби ғылымындағы алғашқы
ізденуін тіл үйренуден бастаған. Бағдатқа келгенге дейін ол түркі және басқа
тілдерде сөйлеген. Бірақ арабша білмеген. Сондықтан ол тілдерді зертеп,
үйренуге көп уақыт жұмсаған. Бұл салада ол таңқаларлық адам сенбес нәтижеге қол
жеткізген. Өмірдің соңына дейін жетпістен астам тілде сөйлей алатын болған
көрінеді.
Хеда:
Тілім күнім! Жарығым, жұбанышым.
Тілім – Гүлім, қымбаттым, қуанышым.
Тілім – Туым, желбіреп елім барда
Халқым барда, мәңгілік тұрады шың.
Тілім – Арың, Айғағы елдігіңнің
Тілің барың, белгісі ерлігіңнің
Тілің жаның жаныңда жараласа
Керегі не кеңдігің, теңдігіңнің.
Қорытындылау
Бес
болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз,
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт
біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше
қош сау болып тұрыңыздар – бүгінгі
ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.