Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылармен «Бұл кімдер» өлеңін оқып, аудару; тақырып бойынша білімдерін толықтыру, етістіктің шақтарын қайталау, әр сабақта етістіктің шақтарына бірнеше сөзді жаттап отыру, бар мамандықтарды қайталау
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету;
Тәрбиелік:Кез келген мамандық иесін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқытудың әдістері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу, тыңдалым
Сабақтың көрнекілігі: сұрақтар, өлең, «Білім» тоғайы, жапырақтар
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі
І .Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта мен кезекшімін. Қазір қазақ тілі сабағы. Сыныпта оқушылар түгел.
-Бүгін нешесі?
-Қазір қандай жыл мезгілі? -Қазір күз
-Бүгін ауа-райы қандай? -Бүгін ауа-райы жақсы, себебі күн жылы.
-Үйге қандай тапсырма берілді? -Сөздер мен сұрақтар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бүгін сабақта біз 1 тоқсанда өткен тақырыптарды қайталаймыз.
1.Дыбыс
2. Сөз
3. Сөз тіркесі
4. Сөйлем
5. Мәтін
1. Дыбыс. Барлық дыбыстарға қатысты сұрақтар қою. Мысалы:
Қазақ тілінде неше әріп бар?....
Жуан дыбыстарды ата..
Жіңішке дыбыстарды ата...
2. Сөздерді қайталау. Аударту, жуан, жіңішке екендігін ажыратыңдар (жекеше, топтық жұмыс)
3. Сөз тіркесі . «Қатесін тап» (жұптық жұмыс)
Сергіту сәті. Кім жақсы көреді?...
4. Сөйлемді дұрыс құрастыру. Дұрыс сызықша қою. (жекеше жұмыс)
5. Мәтін. Кез келген тақырыпты таңдап, өз мәтіндерін құрастыру. 4-5 сөйлем айту
Ү.Сабақ қорытындысы
Бүгін сабақта біз не білдік? Не үйрендік?
VI. Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақ сендердің ойларыңнан шықты деп ойлаймын .Сабақ қорытындысы бойынша мына оқушыларға бағақоямын.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: қайталау
-Сабақты зейін қойып тыңдап, белсене қатысқандарыңа көп рақмет!
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.