Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Сабақтың мақсаты: жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әдеби сазды кеші.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, үнтаспа, шарлар т.б.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Қош келдіңіздер, қонақтар, құрметті ұстаздар, оқушылар.
«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл- кісілік келбетіміз. Олай болса, бүгінгі «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бейбіт: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыт тірегі.
Оңғар: Қазақстан – достықтың киелі мекені. Республикамызда 130-дан астам ұлт өкілдері мекендейді. Бүгінгі мереке Қазақстанда тұратын барша халық тілдерінің мерекесі. Ендеше, ортақ мереке құтты болсын.
«Әнұран» орындалады.
Бейбіт: : Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол – ел, жер және тіл. Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Мәдениетті, өнерді, салт-дәсдүрді, ғылымды осы тіл арқылы үйренеміз.
Оңғар: Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті.
Бейбіт: Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған.
Оңғар: Тіл – халықтың жаны, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Тілді қастерлеу – ізгілік пен мәдениеттің белгісі.
1) Алтынай: «А-хау гүлдер айым» , (домбыра)
2) Қазақ биі
3) Жұлдыз «Ананың тілі»
Қазақ тілі – туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Сырласпай адамдармен тұра алмаған,
Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.
Жоңғармен шайқасқанда осы тілде,
«Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.
Бейбіт: «Туған тіл – тұғырың, туған тіл - қыдырың» дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.
Көрініс:
1-бала. – Мен саған «осы тіл не үшін керек?» деген сұрақ қойғым келіп отыр.
2-бала: - Досым –ау, тіл – бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Мұғаліміміз «Тіл – қарам-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?
1-бала: - Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
3-бала: - Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
4-бала: -Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
5-бала: - Мен сендерге Әли Әпекұлының ана туралы мына өлеңін оқып берейін
Ана тілі – бала шағым өркенім,
Ана тілі- болашағым, ертеңім,
Ана тілі – сайын далам, жер көгім,
Ана тілі – арман, ойым, өрнегім.
1) Аяулым мен Айгерім қобызда ойнайды
2) Шығыс биі
3) Алтынай «Еркемай»
Ана тілді білмесем,
Шат-шадымен күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем
Ана тілі деп атайдың себебі-
Анасындай қастерлесін дегені.
Өз анасын сыйлайтұғын әр адам,
Өз тілін де құрмет тұтып келеді.
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ана сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар ар тілім.
Тіл байлығы сарқылмайтын қазына,
Айтылатын өкпе наз бен базына.
Өз тіліңді шұбарлатып сөйле деп,
Жазылған жоқ коституция заңында
Тілді қорлау салтымызға жатпайды,
Тіл білмеген еш мархабат таппайды.
Өз тіліңнің тазалығын сақтасаң,
Ерсі көріп ешкім кінә тақпайды.
Оңғар: «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Дәулет деген –
Ұғыңдар!
Кеше болса, бүгін жоқ.
Тілің болса, күнің бар,
Тіл болмаса – түгің жоқ!
Тілім – шипа, дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрем
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Ән: Дінмұхаммет «ағылшын тілінде өлең»
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер бабаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.
Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспанның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Білінің!
Жақсы біліңіз!
Ұстаңыз есте ұдайы:
Қашан да
Ана тіліміз –
Қазақтың басты құдайы.
1) Бақтияр «Маусымжан» баянда ойнайды
2) Шығыс биі: Жұлдыз
3) Ән: Дінмұхаммет « Жаса Қазақстан!»
Бейбіт: Осымен «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты әдеби кешімізді аяқтаймыз. Хош сау болыңыздар! Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Мереке құтты болсын!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.