Қазақ тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ.
Мақсаты: а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, төл дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту. б) Еңбекқор,білімдар болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: Сөйлесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдеп.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Түгендеу.
Өткен сөздерді қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру
2.Негізгі кезең
а) Сурет арқылы жаңа сөздермен
танысу.
Әжә – бабушка
Ата – дедушка
Әке – папа
Ана – мама
Әпке – старшая сестра
Аға – старший брат
ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін,
сөйлем құрастыру.
Үлгі:Ақ әже. Әдемі ана. Менің
атам, әжем бар. Әпкем жетінші сыныпта оқиды.
3.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мұғалім сурет
бойынша сөздерді айтады. Оқушылар әр сөзді тыңдап кейін бірнеше рет қайталайды.
Сөздер хормен және жеке-жеке айтылады. Сөздерді қайталау кезінде әрбір сөздің дұрыс
айтылуы мұғалім қадағалайды.
3. Сергіту сәті.
Мынау – менің отбасым.
Танысыңдар, достарым.
Мынау – әкем, бұл шешем,
Інім, әпкем және мен.
2-жаттығу.Сұрақтарға жауап бер.
3.Бекіту
3-жаттығу арқылы өтілген сабаққа қайталау.
Сабақта біз не туралы айттық?
Қандай пән аттарынбілесіндер?
Ертеңгі сабақ кестесін кім айтады? (оқушылардың жауаптары)
4.Бағалау:
«5», «4», «3» бағалармен бағалау.
5.Үй
тапсырмасын беру.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.