Қазақ тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ.
Мақсаты: а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, оларды сөйлем құрастыруға үйрету. ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту. б) Оқу құралдарын күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: Сөйлесу, сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдеп.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Түгендеу.
Өткен сөздерді қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру
2.Негізгі кезең
а) Жаңа сөздермен танысу.
Сатып алды – купил(а)
Сызғыш – линейка
Қорап – пенал
Өшіргіш – стирательная резинка
ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін,
сөйлем құрастыру.
1-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінбеген
сөздерді аудару.
2-жаттығу. Оқу құралдары не
үшін керек? Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Үлгі: Кітапты оқимыз. Дәптерге жазамыз.
3.Бекіту
3-жаттығу. Кім, не сатып алды? Айдос қалам, сызғыш сатып алды.
4-жаттығу. Тыңда, қайтала.
Дос – доспыз – бәріміз доспыз.
Дүкен – кітап дүкені – кітап дүкеніне бардық.
Сатып алды – кітап сатып алды.
Сабақта біз не туралы айттық ?
Қандай оқу
құралдарын білесіндер? (оқушылардың
жауаптары)
4.Бағалау:
«5», «4», «3» бағалармен бағалау.
5.Үй
тапсырмасын беру.
5-жаттығу.а) Мәнерлеп оқу. Жуан, жіңішке сөздерді екі
бағанаға жазу.
ә) Жаңа өтілген сөздерді жаттау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.